Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Бейжің көрмесінде қазақстандық ғалымның еңбегі таныстырылды
Әлемдегі ең ірі Бейжің халықаралық кітап көрмесінде 300-ден астам отандық кітаптар қойылды. 1986 жылдан бері тұрақты өтетін Бейжің халықаралық кітап көрмесі баспа және полиграфиялық индустрия саласындағы жетекші платформа ретінде әлемнің жүзден астам елін өз алаңына топтастырды. Онда 2,5 мыңнан астам экспозиция қойылып, оның ішінде «Қазақ университеті» баспа үйі ұсынған университет ғалымдарының 300-ден аса ғылыми еңбектеріне қызығушылық танытқандар қатары көбейді.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Алматыда қосымша мамандықтарды игеру бойынша тегін курстар оқытыла бастады
Алматы қаласы бойынша «Атамекен» ҰКП қосымша мамандықтарды игеру бойынша тегін курстар оқытыла бастады. Қысқа мерзімді оқыту нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылғандықтан білім алушылар үшін оқу ақысы тегін әрі шәкіртақы қарастырылған.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2019
Әр азаматқа құқықтық кеңес берілді
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ата заңның пәрменін арттырып, еліміздің негізгі құжатының маңызын жұртшылыққа кеңінен түсіндіру мақсатында ҚР Конституциялық Кеңесі өткізген «Негізгі Заң апталығы» аясында Алматы қаласының Әділет басқармасы қала тұрғындарының құқықтық маңызы бар сұрақтарына жауап берді.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Алматы аудандарының басшылары жүзеге асқан жұмыстар бойынша есеп беріп жатыр
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала аудандарын аралауы барысында тұрғындар тарапынан көптеген түйткілді мәселе көтерілген болатын. Қала басшысының атына негізінен тұрғын үй-коммуналдық салаға, жер қатынастарына, жол-көлік және инженерлік инфрақұрылымға қатысты түскен 70 өтініштің 26-сы қанағаттандырылғаны Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагиннің есеп беруі барысында мәлім болды.
Руханият • 27 Тамыз, 2019
Дәстүрлі музыка орталығында Абай мен Біржанның домбырасы сақталған
Ұлт руханиятын асқақтатып, дәріптеу мақсатында Дәстүрлі музыка ортылығындағы жәдігерлердің тарихына қатысты тың деректер жетерлік. Жазғы демалыс күндерінде мектеп оқушылары үшін арнайы рухани сағаттар өткізіліп тұратын Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы Елбасының тапсырмасымен тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Алматы қаласының 1000 жылдығына орай құрылған болатын. Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында қазақ халқының ән, күй, ақын-жыраулық өнерін жасаушы және бүгінге жеткізуші өнер тұлғаларының аспап-мұралары орналасқан. Орталықтағы құнды жәдігерлердің тарихымен http://kazmuscenter.kz сайты арқылы танысуға болады.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Жүргенов мамандары жәдігерлерді жаңғырту ісіне қатысты
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы басшылары мен «Қазреставрация» кәсіпорны мәдени мұраны сақтау, зерделеу және көпшілікке насихаттау, ғылыми және мәдени байланыстарды тереңдетуді мақсат ете отырып, өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойған-ды. Осы келісім аясында Түркістан қаласындағы Күлтөбені, Бөкей Ордасы мұраларын қайта қалпына келтіру, еліміздегі басқа да тарихи орындарды жаңартып-жаңғырту мәселесі қолға алынып, осы іске академиядағы металл, қыш және ағаш өңдеу, керамика бойынша мамандар тартылған болатын.
Әдебиет • 27 Тамыз, 2019
Ұлттық кітапхана мұрасы ежелгі Грекияда
Грекияда Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгрес өтіп жатыр. Осы шара барысында Алматыдағы Ұлттық кітапхана директоры, Қазақстандық кітапханалық одақтың төрайымы Бақытжамал Оспанова ИФЛА Бас хатшысы Джеральд Ляйтнер және Кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелердің халықаралық федерациясы (ИФЛА) президенті Глория Перес-Сальмеронмен кездесті.
Руханият • 27 Тамыз, 2019
Руханиятымыздың қара шаңырағы жүз жылдық тарихы бар Ұлттық кітапханадағы жер асты мұрағатының ғасырлық тарихы бар. 1946-1990 жылдардағы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында ғасырлар қойнауынан жеткен басылымдар сақталған.
Руханият • 27 Тамыз, 2019
Алматыда «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» көрмесі ұйымдастырылды
«Қазақстан кітаптары» оқу залында қазақ халқының ұлы ақыны, қара сөздің хас шебері, философ, қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған алғашқы классигі Абай Құнанбаевқа арналған «Ұлы халықтың Ұлы Абайы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қоғам • 27 Тамыз, 2019
Санаулы күн бұрын қазақстандық белгілі триатлоншы Әнел Сытдықова Ла-Манш бұғазын бағындырып, тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағын желбіретті. Батыр қыздың Францияның солтүстігі мен Британия аралдарының оңтүстік-шығысын жалғап жатқан Ла-Манш бұғазының 38 шақырымдық аралығын 15 сағат 15 минут уақыт ішінде гидрокостюм кимей жүзіп өтуі – әлемдік деңгейдегі сенсация.