Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1762 материал табылды

Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Жылжымалы кешен қызметіне алты мыңға жуық адам жүгінген

Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша сапалы медициналық қызметке қолжеткізудегі мобильді топтардың жұмысы туралы хабарлап,  Алматы қаласындағы медициналық мекемелер 1-30 тамыз аралығында өтіп жатқан айлықтың белсендігі туралы баяндап өтті.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Сазсырнайлар сиқыры баурайды

Ұлттық нақышпен әсемделген шағын музейдегі аспаптардың көптігіне қарап таңданысымызды жасыра алмадық. Мұнда уілдеуік, тастауық, үскірік, шыңырау, құссайрауық сияқты сазсырнайдың, жез, сыбызғы, қурай сыбызғы, қара қамыс сыбызғы тәрізді сыбызғының 200-ден астам түрлері топтастырылыпты. Музейдің оң жақ қабырғасында тарихы жүзжылдықтарға бойлайтын көне домбыра, қобыздар сәнімен тізілсе, терезе жақтауларына жапсарлас ілінген дауылпаз шеберлер экспедициясынан жинақталған құнды жәдігерлер. Баян Өлгейдің Сақсай,  Қалақша өңірінен әкелінген тарихы ғасырларға бойлайтын домбыралармен қатар атадан баласына мирас болып қалған Кәлек Құмақайұлы, Еңбек Абдоллаұлы, Еділ Құсайыновтың сыбызғысы да осыннан орын алған.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Алматыдағы селден қауіп жоқ

Алматының Наурызбай ауданында арна бойымен сел жүріп өтті.

Аймақтар • 12 Тамыз, 2019

Қара балталы қараша үй

Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан

Аймақтар • 12 Тамыз, 2019

Жетігенші Сәуле Кәрібайқызы өзі тұтынған жәдігерлерді Алматы музейіне тапсырды

Көнеден жеткен жетіген аспабын алғаш қолына алып, Ықылас халық музыкалық аспаптар музейі қызметкерлерінің күшімен құрылған «Сазген» этно-фольклордық ансамблі құрамында алғашқылардың бірі болып өнер көрсеткен Сәуле Кәрібайқызы Мерекеева жақында өзі тұтынған жәдігерлерді Алматы музейінің қорына тапсырды.  

Аймақтар • 12 Тамыз, 2019

Абай университеті GMAT форматында кешенді тестілеу өткізді

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде GMAT форматындағы, яғни магистратураның білім беру бағдарламаларына кешенді тестілеудің таныстырылымы өтті.  

Аймақтар • 09 Тамыз, 2019

Алматыда Абай шығармаларына арналған Bookcrossing өтті

Хакім Абайдың 175 жылдығына орай Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен «Абай» метро бекетінде жас кітап құмарларға арналған Bookcrossing өтті.

Қазақстан • 09 Тамыз, 2019

Электронды платформа – оқушыға да, мұғалімге де ортақ

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының IT кеңесінде Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Андрей Дупик шаһардағы жалпы білім беретін мектептер базасында факультативтер ашылып, сұранысқа ие бағыттар – мобильді қосымшалар, веб-сайттар, ойындар, 3D модельдеу, роботтехника бойынша әрбір оқушы мен мұғалімге қолжетімді электронды платформа жасалатынын жеткізді.

Аймақтар • 06 Тамыз, 2019

Сырға толы сасандо

Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде ұйымдастырылған танымдық бағдарламалардың бірінде руханият ордасының қорында сақталған аспаптар кеңінен таныстырылды.

06 Тамыз, 2019

Жамбыл кітапханасындағы жазғы демалыс

Жазғы демалыс маусымы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Оқыңыз, қызық!» кітап көрмесімен басталып, онда жас оқырмандарға арналған анықтамалықтар, энциклопедиялар, ертегілер, жұмбақтар және де көптеген әдебиеттің жетпістен астам түрі қойылды. Онда жас оқырмандар арнайы тапсырыс беріп, уақыт жоғалтпастан қызықты мазмұндағы кітаптарды көрме сөрелерінен алып танысуға мүмкіндік алды.