Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1762 материал табылды

Қоғам • 09 Тамыз, 2022

Мүгедек жандардың әлеуметтенуін қамтамасыз етеді

Мүгедек жандарды әлеуметтендіру қоғам алдында тұрған маңызды мәселенің бірі. Олар­дың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптасуында заңгерлердің, психологтар мен кеңесші мамандардың орны бөлек. Мүгедек жандардың жұмысқа орналасуы, білімін жетілдіру мен жаңа кәсіп игеруі кәсіби бағдарды қажет етеді. Мамандардың пікірінше, олардың әрқайсысына жеке назар аударғанда ғана қоғамнан өз орнын тауып, кәсіби маман ретінде дами алады. Осы орайда биылғы жарты жылдықта мамандар Алматы қаласында 400-ден астам мүгедектігі бар жанға қолдау білдіріп, әлеуметтенуіне жәрдем көрсеткен.

Қазақстан • 27 Шілде, 2022

Гуманитарлық байланыстар жанданады

Қазақстанның сыртқы саясатында геосаяси тұрғыдан маңызды елдердің бірі – Қытай Халық Республикасы. Бүгінде үкіметтік және мемлекетаралық екі жүзден астам құжатқа негізделген қарым-қатынас аясында стратегиялық әріптестік декларация­сын іске асыра отырып, тараптар көкжиегі кең конструктивті әрі ашық диалогта сауда-экономикалық, инвестициялық, сонымен қатар мәдени ықпалдастықты нығайтуға күш салып отыр.

Аймақтар • 19 Шілде, 2022

Цифрлы архив аясындағы ғылыми ықпалдастық

Алматыда Архив саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының үшінші отырысы өтті. Кездесуде екі елдің архив саласын цифрландыру, бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Қоғам • 17 Шілде, 2022

Лагерьдегі демалыс шаттық сыйлайды

Кейінгі жылдары балалар үйлері санын қысқарту, тәрбиеленушілерді отбасылық ортада өсіру бағытында кәсіби патронаттық отбасы институтын дамыту ісі тиімді жүзеге асып келеді. Осы орайда өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды әлеуметтендіру, толыққанды орта қалыптастырып, қоғамнан шет қалдырмай тәрбиелеуде кешенді бағдарламалар қолға алынып жатыр.

Қоғам • 14 Шілде, 2022

Жатақхана құрылысына инвестиция салынады

«Қаржы орталығы» АҚ өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінде шағын және бизнес субъектілерін жатақханаларға инвестиция салудың тиімділігімен таныстырды. Брифинг барысында «Қаржы орталығы» АҚ ілгерілету және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Айнұр Сағындықова алматылықтарға алдағы 8 жылға мемлекеттік тапсырысты іске асыру үшін студенттер жатақханаларын салу туралы ұсыныс айтты.

Ғылым • 10 Шілде, 2022

Мұнай өндірісі үшін ұтымды қондырғы

Академик Ө.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының ғалымдары «Жас ғалым» жобасы гранттық жобасы аясында мұнай-газ өндірісіне арналған штангалы піспекті қондырғының жаңа түрін шығарды.

Қоғам • 08 Шілде, 2022

Бала тәрбиесіне бейжай қарамайық

Соңғы жылдарда бала тәрбиелеу ісі қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Тастанды балалар, білім мекемелеріндегі әлімжеттік, өз-өзіне қол жұмсау, ажырасқан отбасылар көрсеткіші мемлекеттік тұрғыда бақылауға алатын келелі мәселеге айналып барады. Осы орайда мамандар тұрмыс тауқыметін тартып, ата-ана мейрімінен зәрулік көріп, тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалардың өмірі қоғамға сын ғана емес, елдің болашағына төніп тұрған үлкен қауіп екенін алға тартады.

Аймақтар • 06 Шілде, 2022

Сапа нарығында бәсекелестікке жол ашылады

Бүгінде ғаламдық технологиялық үдерістердің нәтижесі білікті мамандар көрсеткішіне байланысты айқындалуда. Осы орайда ел экономикасындағы сапалық көрсеткіштерді арттыруда стандарттау және метрология мамандарына қойылатын талаптар күшейіп келеді. Сәтбаев университетінде ашылған KazStandard Academy халықаралық талаптар үдесінен шыға отырып, ел нарығында жоғары сұранысқа ие мамандарды даярлау ісіне басымдық беріп отыр.

Аймақтар • 03 Шілде, 2022

Тұманды Альбионда топ жарған команда

Қазақстандық роботтехника командасы Ұлыбританияның Косфорд қаласында өткен FIRST Tech Challenge олимпиа­дасында жеңіске жетті.

Қоғам • 01 Шілде, 2022

Қажылық сапарға шығарып салды

Алматы әуежайында қа­сиетті мекенде парызын өтеуге ниет еткен 400-ге жуық қазақстандықты шы­­ғарып салу рәсімі өтті.