Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ
Эльвира СЕРІКҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1663 материал табылды

Қоғам • 02 Сәуір, 2019

Этникалық қазақтардың зейнетақы төлемдері заңмен реттелген

Қазақстан тәуелсіздік жылдарында этникалық қазақтардың ерікті түрде елге оралуын ынталандыру саясатын жүргізіп келеді. Ал Тәуелсіздік жылдары келген оралмандардың демографияға қосқан үлесі көші-қонның теріс сальдосының деңгейін әлдеқайда төмендетуге ықпалын тигізді.

Руханият • 01 Сәуір, 2019

Алматыда «Жолбарысты құтқару» құжаттамалық фильмінің таныстырылымы өтті

Қазақстандықтар 31 наурыздан бастап Discovery Channel каналынан жолбарысты қорғау жобасына орай түсірілген құжаттамалық фильмді тамашалауда. Жақында «Bekmambetov Cinema» Discovery Channel-мен бірлесіп, «Жолбарысты құтқару» құжаттамалық фильмінің таныстырылымын өткізген болатын. Фильмнің режиссері – «Оскар» сыйлығының иегері Росс Кауфман. Фильмде табиғаттың тарланы – жолбарыстар мен бар өмірін жануарларды қорғау ісіне арнаған кейіпкерлер өмірі суреттелген.

Әлем • 01 Сәуір, 2019

«Эйр Астанада» 5-6 сәуір күндері Ыстамбұлға ұшақ ұшпайтынын мәлімдеді

Бұл шешім Стамбулдағы Ататүрік әуежайының жабылып, рейстердің жаңа әуежайға көшірілуімен байланысты қабылданған. Осы жағдайға орай сәуір айының 5-6 күндеріндегі рейстер тоқтап, 7 сәуірден бастап Стамбулдан ұшатын әрі келетін рейстер жаңа әуежайға қонатын болады.

Экономика • 01 Сәуір, 2019

«Қазавтожол» жол бойы бизнесін дамытуға инвесторларды шақырады

Жолы бойындағы бизнес көздерін дамыту мақсатында 41 кешен салынатын болады. «Қазавтожол» ұлттық компаниясы инвесторларды осы мақсаттағы әріптестікке шақырып отыр. Бизнес өкілдеріне жол бойы нысандары инфраструктурасын орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінетін болады. Жол бойы бизнесін дамытуда жанармай бекеттерін, қонақ үйлер, кафелер, көлік жуатын орындар мен техникалық қызмет көрсету орталықтары, демалыс орындарын дамыту көзделген.

Экономика • 01 Сәуір, 2019

«Қазақмыс» Оңтүстік Корея госпиталімен меморандумға қол қойды

Ендігі кезекте Жезқазған дәрігерлері бағдарламаға сәйкес Енсе университетінің мамандары кеңес беріп, үйрететін болады. Үш жақты келісімшартқа «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Енсе университетінің «Северанс» госпиталі, «Severance-KZ халықаралық медициналық қоры» қоғамдық қоры қол қойған.

Қоғам • 01 Сәуір, 2019

Сүт өнімдері қымбаттап барады

Басқа тауарлармен салыстырғанда сүт өнімдері қымбаттап барады. Бағаның көтерілгендігіне қарамастан, сүт және сүт өнімдеріне деген сұраныс 7 пайызға өскен.

Спорт • 01 Сәуір, 2019

Алматыда әскери қызметшілердің балалары арасында Спартакиада өтті

Әскери-патриоттық тәрбие беру және жаппай спортты дамыту жастар мен ң салауатты өмір ұстанымындағы басты қадамдардың бірі. Осы бағытта Спорт комитеті – АОСК оқу-жаттықтыру орталығында әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет басшыларының тікелей қатысуымен ҚР ҚК шалғай гарнизондарындағы әскери қызметшілердің балалары арасында спорттың әскери-қолданбалы түрлерінен Спартакиада ұйымдастырылды.

Үкімет • 01 Сәуір, 2019

Еңбек мигранттарына жаңаша көзқарас қажет

Дүниежүзілік миграциялық үдерістердің жылдан-жылға қарқын алуы адамзатты толғандырып отырған көкейкесті мәселеге айналды. БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің деректері бойынша бүгінде мигранттардың саны 258 миллионға жуықтаған.