Аймақтар • 12 Мамыр, 2020
Ақмоланың ауылдары ажарланып келеді
Облыс орталығының іргесіндегі Красный Яр ауылында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда. Елді мекен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енген аймақтардың қатарында. Аталған бағдарлама аясында көптен қордаланған коммуналдық мәселелер оң шешімін таппақ.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2020
Ақмолада ВИЧ-ке шалдығу деректері азаймай отыр
Адамның иммун тапшылығы вирусы бойынша облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Десе де, аталған індетке байланысты жаңа деректер бар. Мәселен, соңғы 4 айда өңірде жаңадан ВИЧ жұқтырған 42 науқас тіркелген.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2020
Ақмоладан Мақтааралға гуманитарлық көмек жөнелтілді
Көкшетаудан Мақтааралға алғашқы гуманитарлық көмек керуені аттанды. Игілікті шараға жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар өз үлестерін қосты. Яғни, 3 күн ішінде 3 жарым тоннадан астам азық-түлік, киім-кешек пен тұрмыстық зат жиналды.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2020
Көкшетауда 12 мыңға жуық тұрғын өтемақы алады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, енді белгілі бір санаттағы адамдардың өздеріне ғана емес, олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне де коммуналдық өтемақы беріледі. Бұл тізімге барлық топтағы мүгедектер, майдангерлер мен оған теңестірілгендер кіреді. Сонымен қатар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған және көп балалы отбасылар да бар.
Қоғам • 12 Мамыр, 2020
Ержеткен ұл, бойжеткен қыз шаңырақ көтермей, демографиямызда дүмпу болмайды
Ақмола облысында жар сүйіп көрмеген 3786 азамат салт басты, сабау қамшылы болып жүрсе, көк етікті кездеспей, көн етіктіні менсінбей 3634 бойжеткен күн кешуде. Оған дәм-тұзы жараспай ажырасқандарды қосыңыз. Мәселен, өткен жылы 4772 шаңырақ көтерілсе, жыл ішінде 2865-і ажырасып кеткен.
Руханият • 12 Мамыр, 2020
Орыс келін немесе «бақша қарақшылары»
Орталық базарда жолыққан. Бір кезде Есілдің құба талындай солқылдайтын, бергі жағынан қарасаң, арғы жағындағы күннің көзі көрінетін жұп-жұқа бала еді. Қазір жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай жігіт. Базардағы қырғыздар айыр-күректің сабын сататын қаға берісте тұр екен. Бұл жерде не жоқ дейсіз, балтаның сабы, шіліктен буған сыпырғыш, ағаш күрек, моншаға қажетті қайың жапырақтарынан буылған сыпырғыш. Кезек те қарақұрым. Сатушы қырғыз алушы қазаққа «асықпаңдар, бәріңе жетеді» деп қояды.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2020
Көкшетауда әдеби-музыкалық журнал жарық көреді
Облыс орталығында балаларға арналған «Зерек-Ботақан» әдеби-музыкалық журнал шығарылады. Республикаға тарайтын құнды басылымның құрылтайшысы Біржан сал атындағы музыкалық мектептің мұғалімі Айгүл Досмағамбетова. Бас редакторы Вячеслав Франк. Журнал балабақшалар мен мектептегі музыка мұғалімдері мен үйірме жетекшілеріне әдістемелік құрал ретінде ұсынылады. Қосымша ретінде аудио таспаға жазылған әндер топтамасы да бар.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2020
Астықты Жарқайың ауданында биылғы жалпы егістік көлемі 978 мың гектарды құрайды. Алқаптың негізгі бөлігіне жұмсақ сортты бидай егіледі. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары егу науқанына дайынбыз деп отыр.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2020
Ақмолада «Biz birgemiz» акциясы жалғасуда
Рамазан – қайырымдылық айы. Есіл аудандық мешітінің бас имамы Бақжарық Қызырұлының бастамасымен көмекке мұқтаж 100 отбасыға азық-түлік таратылды.
Аймақтар • 07 Мамыр, 2020
Көкшетауда қарияларды азаптап өлтірген күдікті ұсталды
Егде жастағы ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікті ұсталды деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Ол Щучинск қаласының 24 жасар тұрғыны болып шықты.