Руханият • 13 Ақпан, 2020
Сыбағаңыздан ауыз тидіңіз бе?..
Көптен хабарласпаған жиен ағам телефон шалған. Құдасын омыртқаға шақырмақшы екен. Ішіне бізді қоспақ. Құдасы көпті көрген, көп жайды көңіліне түйген, кісімен кең отырып сөйлесе алатын көшелі кісі.
Қоғам • 12 Ақпан, 2020
Облыс орталығындағы медицина саласының, оның ішінде көз емдеу жүйесі төңірегінде ұзақ жылдан бері қордаланып қалған талай мәселе таяуда қалалық перзентханада шала туған сәбидің көзіне ота жасау керек кезінде белгілі болды. Соқыр көзден жас шығарардай өте өткір жай.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2020
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы облыс орталығынан жүз шақырым шамасындағы Имантау, Айыртау аймақтарының таулы, орманды алқаптары мен үзіліп түскен моншақтай көгілдір көлдерін де қамтиды. Бұл құйқалы жерлердің табиғаты ғана тамаша емес, тағылымды тарихы да көңіл аударарлық.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2020
Мамандардың болжауына қарағанда, биылғы көктемде су тасқынының қаупі жылдағыдан жоғары. Қаңтар айында ғана түскен қар өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда екі жарым есеге көп.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2020
Ақмолалық педагог-психологтар қажетті кітаптармен қамтамасыз етілді
Кітаптар бала психологиясына арналған. Олардың өмірдегі қалыптасуы мен түрлі проблемалардан шығу жолдарын қамтыған.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2020
Сулы, нулы Қорғалжын ауданында 157 мың гектар жер мақсатқа сай пайдаланылмай отыр.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2020
Күн электр стансасының құрылысы басталмақ
Целиноград ауданының бір артықшылығы елордаға жақын орналасуы болса керек. Мәселен, аудан экономикасына 67 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылса, оның басым бағыты құрылыс саласына негізделген.
Руханият • 10 Ақпан, 2020
Қазіргі жастар бақытты. Ата-анасы қарызданып, қауғаланып тойын жасап береді. Той болғанда қандай?! Түрлі тағам қойылған дастарқанда құстың сүтінен басқаның бәрі бар.
Аймақтар • 06 Ақпан, 2020
Зерендіде қайта оңалту бөлімшесі ашылды
Аудандағы аурухана жанындағы бөлімше 20 орындық. Бұрын зеренділіктер сырқаттана қалса, облыс орталығының ауруханасына немесе Нұр-Сұлтан қаласындағы ғылыми орталыққа барып кезекке тұратын.
Руханият • 06 Ақпан, 2020
Көкшетауда этно-қолөнер шеберханасы ашылды
Гүлнәр Орынбаева киіз басу өнеріне 2-3 жыл бұрын ынта қойған. Алдымен киізден бас киім тіккен. Артынша түрлі қолғап, аяқ киім, кеудешелерді тоқи бастады. Бүгінде он саусағынан өнер тамған шебердің жүздеген жеке туындысы бар. Қазақтың ұлттық өнерін дәріптеп жүрген Гүлнәр Мырзағалиқызы енді көрген-білгенін қыз-келіншектерге үйретпек.