Қазақстан • 20 Наурыз, 2022
«Ұзынсарыға сақтаған сыбағам еді» деп Нағима жеңгей жеңді білектей қос қазы мен бір өзі бір табақ болатын телшікті, қыртысы қалың семіз жамбасты, жая мен омыртқаны кебежесінен суырып алды.
Аймақтар • 15 Наурыз, 2022
Саламатты өмір салтқа айналған
Жастар арасында спортты насихаттаудың маңызы зор. Денсаулығы мықты ұрпақ болашақтың іргетасын бекемдейді. Шоқ жұлдыздай шағын ғана бірлігі жарасқан Бірлік ауылының тұрғындарының бүгінгі тіршілігі өзгеге өнеге боларлық.
Аймақтар • 14 Наурыз, 2022
Жұқпалы аурулардың жолы кесілді
Жыл басынан бері аса қауіпті инфекциялар, сіреспе, дифтерия, қызылша, полиомиелит, эпидемиялық паротит, көкжөтел тәрізді жұқпалы аурулар дерегі тіркелген жоқ. Өткен жылмен салыстырғанда облыс тұрғындары арасында ішек инфекциясының бой көтергендігін байқауға болады. Мұндай оқиға 297 мәрте орын алған.
Руханият • 11 Наурыз, 2022
Жаман тұмау жолды қысқартқалы немере мен жиен біздің үйге үйір болып алған. Көпқабатты үйде тұратындықтан, ата-аналары бойында дерті бар бейсауат біреуден індет жұқтырып ала ма деп, аулаға шығаруға да жасқанады. Ал біз тұратын жер үйдің жөні басқа.
Қоғам • 11 Наурыз, 2022
Ескертуді ескермеу бейнетке бастайды
Өткен мереке күндері жолға шыққан жолаушының 85-і қар құрсауында қалып, қауіп-қатерге тап болды. Оның 19-ы – бала.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2022
Қауіпті кезеңге дайындық қажет
Өңірдің 17 ауданындағы 125 елді мекенді қызыл судың басып қалу қаупі бар. Бұл аумақта 13 мың адам тұрады, сондай-ақ республикалық маңыздағы күре жолдың 74 телімін еріген қар суы бұзып кетуі әбден мүмкін.
Қоғам • 11 Наурыз, 2022
Көктемнен хабар жеткен соң қабырғамызбен кеңесіп, үй іргесіндегі тоқымдай жерге картоп, көкөніс егетін болып келістік. Жылдағы тірлік. Бұл жер – кішкентай атұстарларымызды еңбекке тәрбиелейтін орын. Су тасытамыз, арамшөбін жұлғызамыз, қолдарына тырнауыш ұстатып, жер тырмалатамыз. Томпаңдап жүріп тапсырған ісіңізді тап-тұйнақтай етіп тындырады. Істегендері бізге, үйренгендері өздеріне жақсы.
Аймақтар • 09 Наурыз, 2022
Өңірде 2010-2021 жылдар арасында 103 шағын мектеп жабылды. Ақкөл ауданындағы Радовка елді мекеніндегі білім ошағында небәрі 3 оқушы ғана бар. Бес-алты баладан ғана оқытып отырған мектептер аз емес. Шағын мектептердің болашағы қалай өрістемек?
Аймақтар • 07 Наурыз, 2022
Күн құланиектеніп атып келе жатқанда биік көктен билеп ойнап ақ ұлпа қар жауған. Төңіректің бәрі көзқарықтырардай аппақ-ау, аппақ. Кіршіксіз, аппақ әлемде Ирина Харламова өзі жұмыс істейтін балабақшаға аяғы жерге тимей асығып келеді. Ежелден табиғаттың осындай бір тазалығын ұнататыны бар. Жан тазалығына, ар тазалығына ұқсас көркем көрініс көкіректегі пейіліне тым жақын, тым ыстық.
Қоғам • 06 Наурыз, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері жөнінде өткен кеңесте елдің дамуы энергетика саласының тұрақтылығына тікелей байланысты екенін атап өткені мәлім. Сонда Президент генерациялайтын стансалардың тозуы 50 пайыздан асып кеткенін атап көрсетті.