Байқал БАЙӘДІЛ
Байқал БАЙӘДІЛ«Egemen Qazaqstan»
1638 материал табылды

Руханият • 18 Маусым, 2021

Туған жерден топырақ бұйырды

Облыс орталығындағы Даңқ аллеясында өткізілген «Ерлікке тағзым» атты акция барысында Екінші дүниежүзілік соғыста Отан үшін от кешкен жауынгерлердің рухына тағзым етілді.

Туризм • 17 Маусым, 2021

Көркіне Зерендінің көзің тоймас...

Үзіліп түскен моншақтай көгілдір көлдер мен қолдың саласындай ақ қайыңдар, мәңгі жасыл қарағайлар көмкерген көрікті Көкше өңірінің құйқалы бір пұшпағы – табиғаттың зергер қолымен зерленген, жылдың қай маусымында да он бесінде толған айдай толықсып жататын Зеренді аймағы.

Аймақтар • 16 Маусым, 2021

Жүрек жылуы жан жадыратады

Өңір «сары аймақтың» санатына кіргенімен, жомарт жандар қамқорлықты қажет ететін адамдарға қол ұшын созып, қолтығынан демеуді тоқтатқан жоқ. Жер-жерде жасалып жатқан ізгілікті шаруаны естігенде көңілің гүлдеп, жаныңның жадырап қалатыны бар.

Өнер • 15 Маусым, 2021

Қылқалам ұшындағы кеңістік

Қалам құдіретімен өнерсүйер қауым­ның ыстық ықыласына бөлен­ген белгілі суретші Бектас Кә­ріммен аудандық мәдениет үйін­де жолықтық. Шеберлік сағатын өткізіп жатқан сәті. Қамырдан қыл суырғандай мипаздап баяндайды. Бәлкім шын өнер дәл осындай шынайылықты қажет ететін шығар.

Спорт • 15 Маусым, 2021

Атың барда ел таны, желіп жүріп...

Ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына орай Ұлттық ат туризмі федерациясының ұйым­дастыруымен тарих тылсымын тануға бағыт­талған тұңғыш экспедиция ұйымдастырылды.

Аймақтар • 15 Маусым, 2021

«Сары аймаққа» да сақтық керек

Өңір «қызыл аймақтың» құрсауынан шығып, «сары аймақтың» санатына енсе де, карантин талаптарын бұлжытпай сақтаған ләзім. Облыста жыл басынан бері 228 мобильді топ жіті жұмыс істеді. Жыл басынан мамыр айының соңына дейін 19 217 нысанды тексеріп, карантин талаптарын бұзудың 364 оқиғасын анықтап, 56 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Экология • 14 Маусым, 2021

Табиғаттың да төзімі таусылады

Төл табиғатымызға тағылық көрсету тыйылмай тұр. Сондай немқұрайдылықтың салдарынан айдай ажарына сызат түсіп, демігіп, адам айтқысыз зардап шегуде. Көгілдір Көкше мен Қараөткелдің сайын даласында күрделі жағдай қалыптасып отырғандығын қадап айтуға тиістіміз.

Бағдарламалар • 14 Маусым, 2021

Жаңалықты жатырқамау керек

Өңір екі ай бойы құрсауына алған «қызыл аймақтан» шығып, «сары аймақтың» санатына енді. Дерт дендеген уақытта кәсіптері тоқырап қалған іскер азаматтар, жаман тұмаудан жасқанған жалпы жұрт үшін Ashyq платформасының тиімділігі белгілі болып отыр.

Қазақстан • 10 Маусым, 2021

Қуаңшылық қыспағында қалмайық

Биылғы көктем ересен ыстық болды. Қыс бойы тау-теңіз болып үйілген қасат қар бу болып ұшып, су болып жерге сіңіп, із-түзсіз кетті. Әдетте, еріген қар суы мелдектей жиналатын сай-салада, ағаш бауырындағы томарларда таңдай жібітер нәр қалған жоқ. Қарғаның миы қайнайтын ыстықта төрт түлік мейір қандырып су іше алмай, шалғын шөп бой салып өсе алмай, қиын болып тұр.

Қоғам • 08 Маусым, 2021

Бауырмалдық бірлікті бекемдейді

Өңірдегі игілікті істің бірі – «Жақсылық сөресі» жобасы. Ізгі ниетпен басталған жоба барысында айтарлықтай шаруа тындырылуда. Ең бастысы, адамгершілікке тұнып тұрған өнегелі іс өрісін жайып келеді. Ел қамын жейтін, қысылған адамдарды қолтығынан демейтін жомарт жандар аз емес екен.