Аймақтар • 30 Мамыр, 2019
«Маржан жыры – 2019» өнер көрмесі ашылады
2019 жылдың 7 маусым күні Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында «Маржан жыры-2019» атты ІІІ Республикалық өнер көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Қоғам • 30 Мамыр, 2019
ҚазҰУ қалашығында түлектер күні тойланды
25 мамыр әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұмытылмас оқиға болды. Еліміздің жетекші оқу ордасы өзінің 85 жылдығын және түлектер күнін атап өтті.
Руханият • 29 Мамыр, 2019
ҚазҰУ қабырғасында лингафон кабинеті ашылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің қабырғасынан лингафон кабинеті ашылды. Соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жарақталған орталықта университет шәкірттері ілеспе аударма ісін меңгерудің қыр-сырына қанығатын болады.
Аймақтар • 26 Мамыр, 2019
Алматыда мемлекеттік күзет сарбаздары ант қабылдады
1992 жылы жасақталған Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі мен Республикалық ұлан қосылу жолымен 2014 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі болып қайта құрылған болатын. Әскери өмірдің айнасына айналған қуатты құрылым 27 жыл қатарынан ел игілігі мен қоғам қауіпсіздігі жолында табанды түрде қызмет етіп келеді. Ширек ғасыр бойы өз жұмысын мінсіз атқарған Мемлекеттік күзет қызметінің қатары биыл да жас сарбаздармен толығып отыр.
Әлем • 23 Мамыр, 2019
Әлемде 800 миллион адам аштықта өмір сүреді
Алматыда өтіп жатқан XYI Еуразиялық Медиа Форумда айрықша талқыланған тақырыптың бірі – әлемдегі тұтыну дағдарысының бүгінгі жай-күйі мәселесі болды.
Саясат • 23 Мамыр, 2019
Еуразиялық медиа форумда ғаламдық маңызды мәселелер саралануда
Кешелі бері Алматыда жалғасын тауып жатқан XYI Еуразиялық Медиа Форум барысында адамзат үшін аса маңызды саналып отырған өзекті тақырыптар саралануда.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2019
Алматылық мектеп оқушысы білім грантын жеңіп алды
Алматыда жоғарғы сынып оқушылары арасында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан білім бәйгесі өз мәресіне жетті. Алматы қаласының 8 ауданынан бақ сынаған жүз оқушының ішінен дара шыққан 25 шәкірт, жүлделі орын үшін таласты.
Экология • 21 Мамыр, 2019
Алматыдағы ботаникалық баққа жақсарту жұмыстары жүргізіледі
Алматының әйгілі ботаникалық бағы адам танымастай өзгереді. Жуырда жасыл желекке оранған көгал мекенге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Өсімдіктерді суару жүйесі қолға алынып, жұмсақ әрі жайлы жол төселеді. Баққа кіретін үш бірдей алып қақпа орнатылмақ.
Руханият • 21 Мамыр, 2019
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Қазақстан акварелі: кеше және бүгін» атты көрме ашылды. Экспозицияға Қазақстан бейнелеу өнерінің пайда болған сәтінен бастап қазіргі кезге дейінгі акварель әлемінің өрісін танытатын іргелі туындылар қойылған. Бүгінде есімі елге белгілі қылқалам шеберлерінің музей қорында сақталған айтулы картиналарын және еліміздің түрлі өңірінде тұратын заманауи графикшілер мен кескіндемешілердің 140-қа жуық акварельдік шығармасын бір мезетте тамашалауға болады.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2019
Алматыда «ӘREKET» жобасы бойынша түсіндіру кездесуі өтті
Алматы қаласында «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша аумақтың коммерциялық емес ұйымдарына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.