Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1194 материал табылды

Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде мегаполисте мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы туралы өткен брифингте Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров және Алматы қаласы «Отбасы Банк» АҚ филиалы директорының орынбасары Данагүл Түсіпова алдағы жоспармен бөлісті.

Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Алматыда мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өтті

Мемлекеттік балабақшалар басшыларының қатысуымен өткен кеңесте балабақшалардағы орын тапшылығын азайту, балаларды тамақтандырудың және денсаулық жағдайларын медициналық бақылаудың сапасын арттыру, мектепке дейінгі білім беру әрі тәрбиелеу үрдістерін, әкімшілік тарапынан менеджментті жақсарту, сыбайластық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жүргізу мәселелері қаралды.

Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Тоғызқұмалақ турнирі қаһарманға арналды

Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан ересектер арасында республикалық ашық онлайн және 1-10 сынып оқушылары арасында Алматы қалалық офлайн турнирі өтті.

Медицина • 26 Ақпан, 2021

Алғыс арқалаған азамат

Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейде дәл осы атаумен аталған көрме ашылды. Көрнекті дәрігер-хирург, медицина ғылымдарының кандидаты Иван Иванович Лиді еске алуға арналған іс-шара адам жанының арашасына айналған абзал жанның ғибратты ғұмырынан сыр шертеді.

Медицина • 26 Ақпан, 2021

Жақсылық жасасаң, ауылыңа жаса

Қайырымдылық – асыл қасиет. Қысылғанға демеу, жығылғанға медеу болып, жан-жағына шапағат шуағын шашып жүретін жандар аз емес. Олар өздерінің бұл ісін азаматтық борышына балайды. Әсіресе, ел басына қатер төніп, пандемия ушығып тұрған сын сағатта барымен бөлісіп, ауыр жүкті жеңілдеткен атымтай жандар тұтас қоғамға үлгі бола білді.

Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

«Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім» атты дөңгелек үстел өтті

25 ақпанда Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұрағатымен бірлесіп Алғыс айту күніне арналған «Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Онлайн-іс-шара барысында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты шығармашыл жастардың суреттерінің көрмесі мен таныстырылымы ұйымдастырылды. Іс-шараға түрлі этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысты.

Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

Қалған өмірін қамауда өткізеді

Алматы қаласында қос қарияның қанын мойнына жүктеген қаскүнемге қатысты сот үкімі шықты. 81 және 89 жастағы қарт кісілерді тонап, айуандықпен ажал құштырған антұрған өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Аймақтар • 24 Ақпан, 2021

Алматының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға арналған кеңес өтті

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қоғамдық денсаулық басқармасының, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің, сондай-ақ қаланың медициналық ұйымдарының бас дәрігерлерінің қатысуымен бейнеконференциялық байланыс арқылы кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Кино • 24 Ақпан, 2021

Қазақ телевизиясының қарлығашы

Қазақ телевизиясының қарлығашы Зұлқия Жұматова 101 жасқа толды. Ғибратты ғұмыры талайға үлгі болған тағылымды тұлғаның туған күніне орай Алматы музейінде арнайы көрме ашылды.

Руханият • 24 Ақпан, 2021

Жас ақындар Жамбылды жырлады

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдас­тыруымен Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім – Сүйінбай» атты халықаралық жас ақындар айтысы өтті. Биыл бесінші мәрте шымылдығын түрген жыр аламанына республика аймақтарынан келген азулы ақындармен қатар, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан намысын арқалаған жас таланттар қатысты.