Қоғам • 24 Қараша, 2020
Денсаулығыңыз жарап тұрса, өзгеге өмір сыйлағанға не жетсін. Қан тапсыру қайырымы мол қадам әрі бұл істің адам ағзасына тигізер пайдасы мол. Осыны ескерген алматылық жасотандықтар жақсы бастаманы қолға алды. Белсенді жастар «Мен жауапты донормын» акциясы аясында 10 литр қан тапсырды.
Қазақстан • 20 Қараша, 2020
Porsche электр спорткары Қазақстанға келді
Қазақстанда Porsche Taycan – Porsche компаниясының алғашқы толық электрлік спорттық автокөлігі сатыла бастады. Taycan презентациясы өткен жылдың күзінде Солтүстік Америкада, Қытайда және Еуропада бір уақытта өтті және 2019 жылғы әлемдік премьералардың бірі атанды. Бүгінгі күн жағдайындағы себептер бойынша электр спорткарының алғашқы партияларын Қазақстанға жеткізу біршама кідіргенімен, бұл жайт отандық автонарық үшін жарқын оқиғаның маңыздылығын төмендетпейді дейді көлік нарығын зерттеушілер.
Аймақтар • 20 Қараша, 2020
Алматылық оқушылар өздерін тіл шеберлігіне баулып жүр
Әлемдегі күрделі ахуалға байланысты көптеген білім ошақтарындағы оқу процесі онлайн форматта өрбуде. Дәстүрлі оқу жүйесін алмастыра алмаса да, онлайн оқудың өзіне тән ерекшелігі бар. Ақылды технологиялар әлеуетін тиімді пайдаланып онлайн оқу жүйесін ойдағыдай жүзеге асырып жүрген білім ордаларының бірі Алматы қаласында орналасқан Cүйінбай Аронұлы атындағы №143 мектеп-лицейі.
Туризм • 20 Қараша, 2020
«Эко-Сергек» табиғатты қорғауға септеседі
Алматыда «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде экотуризмді дамыту мақсатында құрылған Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Басқосу барысында парк аумағындағы қалдықтарды бөліп жинау алаңдары таныстырылды.
Туризм • 20 Қараша, 2020
Алматы туристер қаласына айнала ма?
Алматының тұмса табиғаты кез келген шетелдікті өзіне баурап алуға қауқарлы. Ол үшін туризмнің тынысын ашып, арнасын кеңейту қажет. Бұл ретте қызмет көрсету сапасын заманауи стандарттар деңгейіне көтеріп, ақпараттық насихат жұмыстарын бір жүйеге келтірудің маңызы зор. Алатау баурайындағы әсем шаһардың бүгінгі туристік әлеуеті туралы жауапты мамандар не дейді?
Абай • 20 Қараша, 2020
Досмұхамед Кішібеков: Абай туған халықтың ұсақталуға хақысы жоқ
Есімі елімізге ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де етене таныс Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Досмұхамед Кішібековке амандаса барып, бүгінгі ғылымның өрісі, ұлттық таным, ұрпақ тәрбиесі тұрғысындағы ойларын тыңдап, батасын алып қайтқан едік. Балалық шағы зұлмат соғыс пен ашаршылық нәубетіне тұспа-тұс келген оның маңдайына тосын сыйы көп тағдыр қазақ ғылымына қалтқысыз қызмет етуді жазыпты. Жасы ғасырға жуықтаса да, санасы сергек, сөзі мірдің оғындай. Қатал уақыт қарттың қайратын алса да, көңіл көгіндегі сезім сәулесіне селкеу түсіре алмапты. Ғұмырлық қағидасында ұлттық мүддені бәрінен биік қоятын тұғырлы тұлғаның әңгімесі де әсерлі.
Аймақтар • 20 Қараша, 2020
Заң қызметкерлері арасында заңды белшесінен басу фактілері бұл күнде жаға ұстатар жаңалық емес. Қызмет бабын асыра пайдаланғанымен қоймай бірнеше мәрте алаяқтық жасап, пара беруге мәжбүрледі деп күдікке ілінген алматылық полиция қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты.
Руханият • 19 Қараша, 2020
Бельгер бейнесі – ел жүрегінде
«Қазақтың қуанышы – менің қуанышым» деп өткен қабырғалы қаламгер, көрнекті аудармашы Герольд Бельгер ақтық демі қалғанша әдебиетке деген адалдығынан танған жоқ. «Ұлтым неміс болса да, қазақтың жанын бір кісідей түсінем» дейтін жазушыны қазақ халқы да жүрегінде әлдиледі. Өмірден көшсе де көңілден өшпейтін із қалдырған тұғырлы тұлғаның Алматыдағы 40 жыл бойы тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Былтыр арманына қанат бітірген ару қалада дарын атына көше берілген еді.
Аймақтар • 18 Қараша, 2020
Елдегі ең заманауи сүт өңдеу зауыты іске қосылуға дайын
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында «Eurasian Milk» ЖШС зауытында жабдықты тестілік іске қосу шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 18 Қараша, 2020
Абай бейнесі – қаншама қылқалам шеберін терең толғанысқа түсірген тақырып. Бірде белгілі суретші Жұмақын Қайрамбаймен әңгімелескенімізде: «Абайдың болмыс-бітімін, даналық келбетін кенепке сыйдыру қиынның қиыны. Бұл мақсатқа жету үшін суретшіге асқақ рух керек», деген еді. Адамдықтың асыл мұратын арқау еткен ақынның арман-тілегін расында да бір картинаға сыйдыру мүмкін емес.