Арман ОКТЯБРЬ
Арман ОКТЯБРЬ«Egemen Qazaqstan»
1318 материал табылды

Технология • 12 Қазан, 2020

Тұрмыстық техниканың жаңа желісі дезинфекциялаудың тың тәсілін жүзеге асырды

Аталмыш құрылғының өзіндік алғашқы желісі бактериялар мен вирустардың 99%-дан астамын жоятыны анықталған (соның ішінде коронавирусты), деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Еріктілер ағаш екті

Ару Алматыда күзгі ағаш егу науқаны қызып жатыр. Жас пен кәрі жасыл желекке оранған жазира қаланы гүлдендіруге өз еріктерімен үлес қосуда. Басты мақсат – қаланың көркіне сән беретін ағаш қорын арттыру.

Абай • 12 Қазан, 2020

Абай мұрасы – мәңгілік тақырып

Қазақ қоғамы мен ғылымы үшін Абай­дың рухани мұрасының маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Әсіресе хакім ұсын­ған қағидалардың тарих ғылымын дамытуға ықпалы зор. Осылай деген сарапшы ғалымдар Білім және ғы­лым министрлігі Ғылым комитетінің қол­дауымен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйым­дастырған «Қазақстан тарихы Абай­дың рухани мұрасы аясында» атты халық­аралық ғылыми-тәжірибелік кон­фе­ренцияда өз ойларын ортаға салды.

Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Баспаналы болу – бір бақыт

Миллиондар тоғысқан Алматы – жастардың сүйікті қаласы. Асқақ арманын Алатауға таңып мұнда келетіндердің алдынан кесе-көлденеңдеп шығатын бас ауыртар басты тақырып – баспана мәселесі. Соңғы жылдардың жүзінде жүйелі жүзеге асып жатқан оңтайлы бағдарламалар талайлардың алыстағы арманын жақындатқаны рас.

Қоғам • 09 Қазан, 2020

Алматыда шектеу шараларының сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысы күшейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пандемияның екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау үшін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполисте кәсіпкерлік нысандарының және жеке тұлғалардың санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайтын мониторингтік топтардың жұмысын күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 07 Қазан, 2020

Алматыдан Ақтөбеге велосипедпен барады

Алматылық әуесқой велошабандоз Дамир Көшеев велосипедке мініп Ақтөбеге бет алды. 2200 шақырымды шайтанарбамен еңсерем деген ерікті сапар барысында мұқтаж жанұялардан шыққан жеткіншектерге қайырымдылық көмек көрсетуді көздеп отыр.

Руханият • 07 Қазан, 2020

«Әлқисса» сазы әлдилеп

Сиқырлы сазы салқар даланы тұтас тербеген көрнекті сазгер Нұрғиса Тілендиев шығармалары халқының мәңгілік мұрасына айналғалы қашан. Ұлы композитордың 95 жылдығына орай жас домбырашылар мен әншілер арасында ұйымдастырылған «Әлқисса» байқауы мәреге жетті.

Руханият • 06 Қазан, 2020

Тән азығы – таңғы серуен

Жып-жылы төсектен жылыстап, тәтті ұйқыны тәрк ету көп адамдар үшін оңай болмауы мүмкін. Алайда таң алакеуімнен тұрып, таза ауада серуен­деу талай дерттің таптырмас емі. Осы бір істі өмірлік дағ­дыға айналдырған жан­ның тәні мен жаны ұшан- теңіз пайдаға кенеледі.

Өнер • 06 Қазан, 2020

Көңіл баураған көркемдік

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Акварельді фреш» деп аталатын айрықша көрме ашылды. Өнер ұжымы мен Қазақстан суретшілер одағы бірлесе ұйымдастырған біре­гей жоба қазан айының ортасына дейін жалғасады.

Аймақтар • 02 Қазан, 2020

Транзиттік тасымалдауда тың серпін байқалады

Алматы облысы аумағындағы Алтынкөл шекаралық теміржол станциясы Қазақстан мен Қытай қақпасын дәнекерлеп тұрған ауқымды нысан. Осыдан бес жыл бұрын пайдалануға берілген мұндағы «KTZE-Khorgos Gateway» Құрғақ порты да стратегиялық тиімді нүктеде орналасқан Орталық Азиядағы ең ірі Құрғақ порт саналады. Шекара шебіндегі тіршілігі қыз-қыз қайнап жатқан қос нысанның соңғы сегіз айдағы жұмыс көрсеткіші тілшілер назарына ұсынылды.