Аймақтар • 14 Мамыр, 2020
Алматы әкімінің орынбасары ҮЕҰ өкілдерімен кеңес өткізді
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн-байланыс режімінде қалалық үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге қалалық қоғамдық даму, әлеуметтік әл-ауқат, қоғамдық денсаулық, білім, спорт, мәдениет басқармаларының басшылары да қатысты.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2020
Алматыда кене энцефалитінің алдын алу бойынша іс-шаралар жүріп жатыр
Ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап Алматы қаласы бойынша жалпы ауданы 2402,54 га аумақта кенеге қарсы өңдеудің 1 кезеңі басталды. Яғни Алатау, Алмалы, Әуезов, Жетісу, Медеу, Наурызбай, Түрксіб аудандарының қалалық саябақтары, скверлері мен Алма-Арасан шатқалы өңделді. Өңделген телімдердің жалпы көлемі 530,492 га құрайды. Кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын «Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығы» ШЖҚ РМК филиалы аудандық сапа мен қауіпсіздікті және тауарларды бақылау басқармасы мамандарының тікелей бақылауымен жүргізеді.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2020
Алматыда қылмыс деңгейі төмендеді
Төтенше жағдай кезінде Алматы қаласында қылмыс деңгейі едәуір азайған. Қаланың бас полицейі Қанат Таймерденов мәлімдегендей, бұзақылық, ұрлық, қарақшылық сияқты қылмыстар 30 пайызға бәсеңдеген.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2020
Алматы: 25 мамырдан бастап тамақтану орындары ашыла бастайды
Алматыда қонақүй кешендерін, қоғамдық тамақтандыру және діни ғимараттарының нысандарын 25 мамырдан бастап, кезең-кезеңмен іске қосу жоспарланып отыр.
Аймақтар • 14 Мамыр, 2020
Алматы: Пара алған полицей сотталды
Карантин кезінде талап пен тәртіпке қайшы іс-әрекеттер орын алмай жатқан жоқ. Қалаға жасырын жолмен алып кіру, басқа да Төтенше жағдай талаптарына сай келмейтін әрекеттер көптеп кездесті. Алматы қаласының кіреберіс қақпасындағы блок-бекеттердің бірінен өткізу үшін пара алған полиция қызметкері темір торға тоғытылды.
Қазақстан • 14 Мамыр, 2020
Көлік комитеті алғашқы тоқсан бойынша мәлімдеме жасады
2020 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша көліктік бақылау органдары 28032 жүк автокөлік құралын (АКҚ) тексеріп, заң талаптарын сақтамаған 4231 көлікті анықтаған.
Қоғам • 13 Мамыр, 2020
Алматы: Қымбатшылық қыспаққа ала бастады ма?
Кезең-кезеңімен ес жинап келе жатқан Алматы экономикасында нендей өзгеріс бар? Қалыпты өмірге қадам басуда «қымбатшылық қыспаққа алмай ма?» деген заңды сұрақ тұрғындарды көптен мазалап жүрген мәселенің бірі. Әлеуметтік желі қолданушылары мегаполисте азық-түлік тауарларының бағасы күрт қымбаттап кеткенін жарыса жазып жатыр.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2020
Жасырын ойынхананың жұмысы тоқтатылды
Алматы қалалық қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметі шаһарда тағы да бір астыртын ойынхана анықталғанын хабарлады. Жедел іс-шара барысында «Нұрлы Тау» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінде орналасқан ойынхананың жұмысы тоқтатылған.
Қазақстан • 13 Мамыр, 2020
Елімізде пойыздар қашан жүреді?
2020 жылғы 13 мамырда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздарының жүруін қайта бастау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы жауапты Көлік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 13 Мамыр, 2020
Алматы: Тұрғын үйлер мен алаңдарды дезинфекциялау кестесі
Бүгін, 13 мамыр күні мегаполистегі көпқабатты тұрғын үйлер мен спорт алаңдарын залалсындандырудың тәртібі төмендегідей.