Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
1749 материал табылды

Қаржы • 13 Сәуір, 2020

Қазақстандық банктерде капитал тапшылығы жоқ

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтуынша, банктердің меншікті капиталы ең төменгі нормативті талаптардан үш есе көп.

Қаржы • 13 Сәуір, 2020

Қымбаттаған мұнай қазақ теңгесіне күш берді 

Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа сараланған бағамы 2020 жылғы 13 сәуірде 11: 00-де 427,31 теңгені құрады. 10 сәуірде таңертеңгі деректермен салыстырғанда (431,94 теңге / $ 1) ұлттық валюта долларға қатысты 4,63 теңгеге нығайды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ақпарат  орталығы  хабарлады.  

Қаржы • 13 Сәуір, 2020

Банктер қолма-қол ақшасыз төлемдерді алу үшін комиссияны төмендетеді

«2020 жылдың 1 мамырынан бастап төлем карточкаларын пайдаланып төлемдерді қабылдағаны үшін банктер алатын комиссия азаяды. Өзгерістер экономиканың маңызды әлеуметтік мәні бар салаларына әсер етеді: Олар– білім беру, медициналық қызметтер, дәріханалар, тұрақ орындары, ақылы жолдар, ауылшаруашылық қызметтері, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар»  деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Медицина • 13 Сәуір, 2020

Дәрігерлер коронавирус жөтелін қалыптыдан қалай ажыратуға болатынын айтты

Дәрігерлер коронавирус инфекциясының басты белгілерінің бірі деп танылып жүрген кәдімгі жөтел басқа себептермен туындауы мүмкін екенін айтады. Сәуір айында үп еткен самалдың өзі пневмонияны бастан өткергендерге ағзада қалып қойған дерт белгісін қайта қоздырып жіберуі мүмкін.

Қаржы • 13 Сәуір, 2020

Пандемия қаржылық сектордың жұмысын тоқтата алған жоқ

Тек жұмыс істеу тәсілін ғана өзгертті: Банктер халыққа қашықтықтан қаржылық қызмет көрсетті. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында валюта айырбастау пункттерінің жұмысы шектелгенмен, биржалар жұмыс істеп жатыр. Көзін тапқан адамға шетелдік валютаның барлық түрімен жұмыс істеуге мүмкіндік бар.  Ұлттық банк тіпті базалық кілтті төмендеткені қаржылық сектордың жұмысын қыздырып жіберді: Банктер нарықтағы орындарынан айырылып қалмау үшін нақты әрекетке көшті: Басымдық клиенттердің сенімінен айырылып қалмауға берілді.   

Қаржы • 12 Сәуір, 2020

Бір жылдық бюджетке қайта оралатын кез келді

Мемлекет басшысы «2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығына қол қойды.  «Әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдайды, тауар нарықтарындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды. Бұл болжам және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру қажеттілігі 2020 жылғы республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылауға негіздер болып табылды» деп хабарлайды Ақорда.

Коронавирус • 12 Сәуір, 2020

Қытайлық дәрігер пандемияның шарықтау шегі туралы атап өтті

«Қытайдың эпидемиолог-дәрігері Чжун Наньшан пандемияның шарықтау шегі туралы  айтып берді»  деп хабарлайды РИА Новости.

Медицина • 12 Сәуір, 2020

Онколог коронавирустың темекі шегетіндерге қаншалықты қауіпті екенін айтап өтті

Әлеуметтік желі қолданушылардың «Темекі шекпейтіндерге қарағанда темекі шегушілерге коронавирусты жұқтырудың ықтималдығы аз» деген пікірлері ғаламторда қаптап кетті. Бұл тек, біздің ғана емес, алыс-жақын көршілеріміздің басындағы жағдай екен. Мұның қаншалықты қисынды екенін РФ В. Блохина  атындағы онкологиялық ғылыми орталықтың қызметкері Владимир Левшин кеше Мәскеуде өткен вебинар кеңесте айтып берді.

Бизнес • 12 Сәуір, 2020

Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары қалай жүзеге асады?

ТЖ кезінде бизнесті қолдау үшін қабылданған шаралар туралы мәліметтер   coronavirus2020.kz. сайтында жарияланды.   

Экономика • 12 Сәуір, 2020

Індет кезіндегі әлем және мұнай бағасы

Өткен аптадан бері сарапшылар мұнай  дағдарысы  мен  пандемия  Ресей,  АҚШ пен Сауд Арабиясын бір-бірімен  ортақ тіл табуға мәжбүрледі  деп жатыр.  Бұл келісімді адамзатты апаттан құтқарған Нұх пайғамбардың кемесіне ұқсатып жатқандар да көп ел ішінде. Арзан мұнай мен пандемияның қыспағынан қысылған адамзат келісімге  келіп, кемеден өзіне жайлы орын алып қалуға жанталасқанына бәріміз куә болдық.