Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ
Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
114 материал табылды

Несие • 09 Қараша, 2023

Қымбат несие: Үкімет пен банктің ұстанымы

Екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) де, микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) да несие пайызының мөлшері қоғамның табанына батқан тікен, маңдайына қадалған шөңгеге айналуына шақ қалды. Көптен көңілді күпті етіп жүрген осы мәселеге Үкімет нүкте қояды деген үміт басым еді.

Сараптама • 06 Қараша, 2023

БЖЗҚ: Қаржыға әркімнің-ақ бар таласы...

Күні бүгінге дейін «БЖЗҚ қаржысы экономиканы нашарлатып, банктерді әлсіретеді» деген пікір басым болып келді. Дегенмен соңғы жағдайларға назар салсақ, кейінгі онжылдықтардағы ол үстемдігінен үміт үзе бастағандай. Бұл мәселе 2019 жылдан бері қайта-қайта Үкіметтің талқысына түсіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа зейнетақы жинағындағы қаржыны пайдалануға рұқсат беру керектігін жиі айтады.

Алматы • 06 Қараша, 2023

Алматы: Бас жоспардан «ши шықты»

Сәулетші мамандар арасында Алматының жаңа бас жоспарына қатысты пікірталас жүріп жатыр. Шаһардың қазіргі бас жоспарының бекітілгеніне 13 жыл болыпты. Құрылыс ережелеріне сәйкес бас жоспар бес жыл ­сайын түзетілуі керек. Бұған дейін 2004 жылы қалаға екі мың гектар аумақтың қосылуына байланысты түзету енгізіліпті. Қазіргі бас жоспар 2020 жылға дейін күшінде болуы керек еді. Ол кезде Алматы халқының саны бір жарым миллион тұрғынға жетуі керек болатын. Бірақ алматылықтардың нақты саны есептегі болжамға бағынбай, бас жоспарға түзету енгізу қажет болды.

Мәселе • 02 Қараша, 2023

Эмиграция тұжырымдамамен тоқтай ма?

«Ашық НҚА» порталында Еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжы­рым­дамасының жаңа жобасы жарияланды. Тал­қылауы 6 қарашаға дейін жал­ғасатын құжаттың ав­торы – Еңбек және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Салық • 02 Қараша, 2023

Қосылған құн салығы: Мөлшерлеме траекториясын әртараптандыру керек

Қыркүйек айында Ұлттық экономика министрлігі қосылған құн салығын (ҚҚС) 12 пайыздан 16 пайызға көтеру керектігін, нәтижесінде ел бюджетіне 2-2,4 трлн теңге түсетінін айтты. Бұл қаржы – Ұлттық қордан республикалық бюджетке бөлінетін кепілдендірілген трансфер көлемімен бірдей.

Теңге • 02 Қараша, 2023

Теңге тарихы тереңде...

Төл теңгеміздің тарихы ақша айналысқа енген 1993 жылдың 15 қарашасынан бастау алады. Оған дейін ел азаматтары түрлі валюта құралын пайдаланып келді. Соңғы қолданылған ақша бірлігі Қазақстан КСРО құрамында болған кездегі кеңестік рубль-тұғын.

Экономика • 01 Қараша, 2023

Жаңа бюджет саясаты бұлыңғырлықтан біржола арылтуы керек

Еліміз мемлекеттік қаржы саясатын жетілдіруге ден қойды. Жаңа Бюджет кодексі Парламенттің қоржынында жатыр. Ол – қоғам үшін өзекті. Күні бүгінге дейінгі қолданыста болған нұсқасында қамтылмаған мәселе көп еді. Осы олқылықтың орнын жаңа кодексте толтыру Парламенттің біліктілігіне сын болайын деп тұр.

Несие • 20 Қазан, 2023

Несиемания: Қарыз алдың – қайғы алдың

Психологтер жаңа тәуелділік –несиелік тәуелділік туралы жиі айта бастады. Технология мен сән индус­триясы дамуы адамдардың талға­мын да өзгертті, сіз бен біз өмір сүріп отырған кезеңді қарыз ғасырына айналдыруға бет алды. Жалақы­сын күн көрісінен арттыра алмаған­дар шағын қаржы ұйымдары­ның «бөліп төлеу», «айлыққа дейін қарыз» сияқ­ты тетіктеріне жүгінеді. Осы­лай­ша, бір басында 3-4, тіпті 10 шақ­ты несиесі бар отандастарымыз пайда болды.

Салық • 19 Қазан, 2023

Сән-салтанат салығы немесе жалпыға бірдей жайдақ шкала жойыла ма?

Келер жылдан бастап Қазақстанда сән-салтанат салығы енгізіледі. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров салықтың бұл түрі Салық кодексіне өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енетінін айтады. Қазір елде біркелкі табыс салығының шкаласы бар. Әрбір азамат табысының мөлшеріне қарамастан, мемлекетке табысының 10 пайызын төлеуге міндетті. Бұл – әлемдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Қосымша құн салығы 12% құрайды, бұл да жоғары жүктеме болып саналмайды. Бұл мәселе біздің елде 2013 жылдан бері ресми емес түрде, 2020 жылдан елдік деңгейде талқыланып келеді. Бірақ азаматтардың қандай заттары мен мүлкіне ұлғайтылған салық салынуы мүмкін екендігі туралы нақты анықтама әлі ресми түрде талқыланған жоқ.

Сараптама • 16 Қазан, 2023

Майға ашылған «майдан»

Көрші елдердің осы саладағы біржақты ұстанымы отандық астық өңдеудің құлдырауына себеп болып тұр.