Аймақтар • 05 Ақпан, 2020
АӘК тағайындау тетіктері жүйеленді
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тетіктері мен форматтары енгізілгені мәлім. Осыған орай бірқатар жаңа заңнамалық актілер де қолданысқа енгені белгілі. Ендігі кезде жергілікті өкілетті органдар АӘК төлеуге қатысты өзгерістерді жүйелі түрде жүзеге асыруы қажет. Бұл тұрғыда Ақтөбе өңірінде қарқынды іс-қимыл байқала бастағанын айтқан жөн.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2020
Стратегиялық сессия – өңірді басқарудың тың тәсілі
Ақтөбеде өңірлер арасында тұңғыш рет трансформация жобасы қолға алынып отыр. Яғни, мұның өзі бұған дейін қолданылып келген басқару тәсілдері мен жолдарына тың өзгерістер енгізу қажеттігін көрсетеді. Осыған орай алдағы уақытта Ақтөбе аймағында білім беру, медицина, экология, жол және тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ инвестиция тарту секілді бүгінгі күннің өзекті салаларының қызметін ұйымдастыру ісі трансформацияға, яғни белгілі бір өзгерістерге ұшырамақ.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2020
Ақтөбе облысында биылғы Волонтер жылына арналған жобалар мен іс-шаралардың тұсау кесу рәсімі өткізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жыл аясында «Біргеміз» атты тұжырымдаманы бекіткені белгілі. Оны осы кезеңде атқарылатын жан-жақты жұмыстардың басты темірқазығы десе де болады.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020
Ауқымды сақтану шаралары белгіленді
Қытаймен іскерлік қарым-қатныстарды дамытуға кең жол аша білген республика өңірлерінің бірі – Ақтөбе. Қазіргі кезде облыс аумағында қытайлық компаниялар көмірсутегі затын өндіру мен жерасты қазба байлықтарын игеру саласында қызмет жасайды.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2020
Бейбіт күндегі қазаға кім кінәлі?
Бүгінгі күні адам өлімі мен қазасының ең жоғары көрсеткіші жанды қинаған ауыр дерттер мен аурулардан емес, жол-көлік оқиғасы салдарынан тіркеліп отырғаны өкіндірмей қоймайды. Бұған кім кінәлі? Рас, табиғатта тосын мінез болып тұрады. Оның қары мен бораны, мұздағы мен көктайғағы бір-бірімен алмасып келіп жататыны да табиғи жайт. Мұндай кездерде автокөлікпен жолға шығу аса қауіпті екеніне ешкім талас туғыза алмайды.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Оңдасын Оразалин: Қарғалы ауданында көпке үлгі болар істер көп
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қарғалы ауданына арнайы іссапармен барып, аудан әкімінің дәстүрлі есеп беру жиынына қатысты.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Ақтөбе облысында биылғы волонтерлер жылына арналған жобалар мен іс-шаралардың тұсау кесу рәсімі өткізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жыл аясында «Біргеміз» атты тұжырымдаманы бекіткені белгілі. Оны осы кезеңде атқарылатын жан-жақты жұмыстардың басты темірқазығы десе де болады.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2020
Електің соры – алты валентті хром
Ақтөбе қаласының тұсынан шымырлап ағып жататын Елек өзенінің сұлу келбетіне, жағасындағы жапырақтары самал желмен сыбдыр қағып тұратын зәулім бәйтеректеріне селсоқ қарайтындар кемде-кем. Суының мөлдірлігі сондай, өзенде айқұш-ұйқыш жүзіп жүрген майшабақтарға дейін айқын көрінеді. Әйтсе де бұл сыртқы алдамшы көрініс екенін екінің бірі біле бермейді. Шынтуайтында, өзеннің бүгінгі экологиялық жағдайы өте ауыр.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020
Ақтөбе облысында АӘК тағайындау тетіктері жүйелі түрде жүзеге асып жатыр
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындаудың жаңа тетіктері мен форматтары енгізілгені мәлім. Осыған орай бірқатар жаңа заңнамалық актіде қолданысқа кіргені белгілі. Ендігі кезде жергілікті өкілетті органдар АӘК төлеуге қатысты өзгерістерді жүйелі түрде жүзеге асыруы қажет болып отыр. Бұл тұрғыда Ақтөбе аймағында жанды іс-қимыл айқын байқала бастағанын айтқан жөн.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020
Ақтөбеде бір миллион шаршы метр тұрғын үй салынды
Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғарылап келеді. Соңғы кездері өңірде бес пайыздық көлемдегі экономикалық өсім тұрақты түрде сақталып жүр. Өз кезегінде бұл жетістік республикалық деңгейден жоғары, ал ел өңірлері арасында ең алдыңғы көрсеткіш екенін айтқан жөн. Бұл жағымды жәйт Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: Ақтөбе тұтастай ел экономикасын алға тарта алатын локомотив рөлін атқара алады деген сөзі тектен-текке айтылмағанын айғақтайды.