Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 20 Наурыз, 2020

Түркістан: Базардағы азық-түлік бағасында аздаған өзгеріс бар

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен орталық базардағы азық-түлік бағасына мониторинг жүргізілді.

Экономика • 20 Наурыз, 2020

Түркістан: 13 тонна «құрғақ қымыран» Қытайға экспортталды

Түркістан облысында түйе шаруашылығын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған кешенді іс-шара жоспары қабылданды. Жоспарға сәйкес биыл Арыс, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Созақ, Шардара аудандарында қосымша 3962 түйе сатып алынып, сүттің көлемі 14 250 тоннаға ұлғайтылуы тиіс.  Осылайша, Түркістандағы түйе сүтін қайта өңдеу зауытының қуаттылығын 15 %-ға арттыру көзделіп отыр.

Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Жетісайда тігін цехтары күніне 3000 бетпердені сатылымға шығаруда

Түркістан облысында медициналық бетперде тапшылығы мәселесін шешу мақсатында тігін цехтары жұмыстарын қарқындатуда.

Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Түркістан: Емдеу мекемелері сақтық шараларын күшейтуде

Түркістан облысындағы барлық ауруханаларда коронавирустың таралуына жол бермеу шаралары күшейтілді. Емдеу мекемелері жаппай карантинге көшті.

Аймақтар • 19 Наурыз, 2020

Түркістан облысы аумағында блок-посттар қойылады

Қазіргі таңда облыс бойынша 380 мың текше метрге жуық жер дезинфекцияланған. 

Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Меценат Молдасейітов коронавирус салдарымен күресуге 20 млн теңге аударды

Әлемді әбігерге салған коронавирус салдары қарапайым халыққа да, кәсіпкерлерге де қиындық туғызып отыр. Кәсіпкерлердің материалдық зардап шегіп жатқаны мәлім, дегенмен мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, толық емес отбасылар көріп жатқан қиындықтармен салыстыруға келмес. Осы орайда шымкенттік кәсіпкерлер оларға қол ұшын созуды азаматтық парызы санапты.

Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Түркістан: Жалған ақпарат таратқан 3 азамат жауапкершілікке тартылады

Түркістан облысында коронавирусқа байланысты жүріп жатқан оқу-жаттығу жұмыстарын ұялы телефонға түсіріп, сол өңірлерде оба тарап жатыр деген мағынада бейнематериалдарды әлеуметтік желілерде таратқандарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Түркістан: Медициналық - әлеуметтік мекемелерде карантин режимі жарияланды

Түркістан облысы бойынша мектеп оқушыларының 5 сәуірге дейінгі демалыстары аяқталған соң, қажет болған жағдайда қашықтықтан оқыту үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері штаттық негізде жұмыс істеуде. Балабақшаға баланы жіберу-жібермеу ата-ана еркіне қалдырылған. Интернат әкімшіліктеріне де арнайы міндеттер жүктелген. Балалар үйіне кіру-шығу қатаң бақыланатын болады.

Руханият • 18 Наурыз, 2020

Мәнері бөлек Мархабат

Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 тіліне (ағылшын, араб, француз, қытай, испан, орыс) аударылған заманауи қазақ прозасының антологиясы жарық көрді. Антология 60 мың данамен шығып, әлемнің 93 елінің кітапхана, университет, зерттеу орталықтарына жеткізілді. Осылайша дүниежүзі оқырмандары қазақ халқының тыныс-тіршілігімен, болмыс-бітімімен танысатын болады.

Аймақтар • 17 Наурыз, 2020

Түркістан: Cупермаркеттер мен өндірушілерге жылдық 0,01% мөлшерлемемен несие беріледі

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тиісті қорын қалыптастырып, бағасын тұрақтандыру мақсатында супермаркеттер мен өндірушілерге жылдық 0,01 пайыздық мөлшерлемемен бір жылға несие беріледі.