Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Түлкібас ауданында 62 мыңнан астам бетперде тегін таратылды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында медициналық бетперденің тапшылығын жою мақсатында нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Түркістан: Коронавирус жұқтырған азаматтың 16 адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды

Коронавирус жұқтырған азамат Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

Коронавирус • 31 Наурыз, 2020

Түркістан облысының тұрғыны коронавирус инфекциясын жұқтырды

Күні бүгінге дейін барлық сақтық шаралары қатаң сақталып, індеттен аман келген Түркістан облысының тұрғыны коронавирус инфекциясын жұқтырғаны жария етілді. Бұл жәйтке қатысты нақты мәліметтер ертең арнайы өткізілетін брифингте мәлім етілмек.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Түркістанда 8350 дана медициналық бетперде тәркіленді

  Түркістан қаласының тұрғыны Өзбекстан Республикасында өндірілген бетперделердің 1 данасын 150 теңгеден сатқан. Оның заңсыз әрекетін Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің облыс бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері анықтап, жедел іздестіру шарасы барысында күдікті ретінде 1990 жылы туған әйел ұсталды.

Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Түркістан: Мұғалімдер үлесі – 91 878 медициналық бетперде

Түркістан облысының ұстаздар қауымы қайырымдылық істен шет қалмады. Қиын шақта қолдан келген көмегін көрсетуді жөн санаған мұғалімдер  91 878 медициналық бетперде тігіп шықты.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Түркістан: Құдалық өткізгендер қамауға алынды

Түркістан облысында төтенше жағдайға қарамастан құдалық өткізіп, қыз ұзатқан, туған күнін тойлаған азаматтар 5 тәулікке қамалған. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтамағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476 «Төтенше жағдай режимін бұзу» бабы бойынша 115 нысанға құқықбұзушылық туралы хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. Сот шешімімен  28  тұлғаға 10 АЕК есебінде айыппұл салынып, 16 тұлға қамауға алынды.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Түркістан: 11 баланың анасы «Біз біргеміз!» акциясын іске асырушыларға алғыс айтуда

Түркістан өңірінде «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда. Акция аясында Сайрам ауданы Әсіл ауылындағы аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік пакет таратылды.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Түркістан:Төтенше жағдай режимін бұзушылар тыйылмай тұр

Демалыс күні Кентау қалалық полиция бөліміне Қарнақ ауылында коронавирус жұқтыру туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарағаны жөнінде хабарлама түскен. Жедел-іздестіру шараларының барысында кентаулық полицейлер жасөспірімді ұстады.

Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Түркістан: Кәсіпкерлердің көмегі көп

Коронавирус індетіне қарсы күресті күшейту, көмекке мұқтаж тұрғындарды қолдау мақсатында қолға алынған «Біз біргеміз» акциясына жанашыр азаматтар атсалысуда.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2020

«Әлемге танымал жазушымын» деп әдепсіздік танытты

Бүгінгі таңда сақтық шараларын күшейту мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне 35 блок-пост қойылған. Тәулік бойы жұмыс істейтін блок-посттардан ары-бері өтетін  мыңдаған көлік тіркеліп және ондағы жолаушылардың тексерілетіні мәлім. Кейде көліктің көптігінен кезек күтіп қалатын жәйттердің де кездесетіні заңды. Бұл орайда көпшілік жүргізушілер мен жолаушылардың түсіністікпен қарауы да мәдениеттіліктің, әдептіліктің бір көрінісі дер едік. Алайда...