Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Өмірзақ Шөкеев: Кез келген жағдайға тас-түйін дайын тұру керек

Түркістан облысында әр аудан басшыларына 100 адамдық оқшаулау орындарын дайындау жүктелді. Елдегі төтенше жағдайға орай атқарылып жатқан жұмыс барысы пысықталған апталық лездеме отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев барлық аудан әкімдеріне коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою шараларын күшейтіп, барлық жағдайға дайын болуды тапсырды.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Түркістан облысына шетелден келген 51 азаматтан вирус анықталмады

Түркістан облысына іргелес Шымкент қаласы және Жамбыл облысында індет тіркеліп, эпидемиологиялық жағдай күрделеніп отыр. Бұл орайда өңірде сақтық шаралары күшейтілген.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Түркістан: Өзбекстан азаматы есірткімен ұсталды

«Жібек – жолы» бақылау бекетіндегі шекарашылардың иісшіл иті Өзбекстанға қарай өтіп бара жатқан азаматты айналшықтап тұрып алған.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Түркістан: Коронавирус жұқтырған азаматпен бірге келген 56 адамның дерегі анықталды

Сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне 35 блок-пост қойылған. Уақытша тосқауыл –бекеттердің 31-і елді мекендерде, ал 4-уі теміржол вокзалы мен станцияларда орналасқан. Республикалық маңызы бар жолдарда екі блок - пост, яғни Жамбыл облысынан Түлкібас ауданына кіреберісте және Қызылорда облысынан-Кентау аумағына қарасты жерде жұмыс істеуде.

Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Түркістан облысында бірнеше автовокзалдың жұмысы уақытша тоқтатылды

Түркістан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданаралық тұрақты бағыттардағы рейстер саны 50%-ға қысқартылып, бірнеше автовокзалдың жұмысы уақытша тоқтатылды. 

Қоғам • 25 Наурыз, 2020

Түркістан: Акция аясында 1500 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетіледі

Түркістан облысында Nur Otan партиясы бастамасымен өткізіліп жатқан "Біз біргеміз!"  акциясы аясында өңірдегі аудан, қалаларда 690 отбасыға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Аймақтар • 25 Наурыз, 2020

Түркістан: Дәрігерлер сақтану жолдарын түсіндірді

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасымен қатар өңірдегі барлық медициналық ұйымдар пациенттерді қабылдауға дайын, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтылған.

Аймақтар • 25 Наурыз, 2020

Түркістанда азық-түлік неге қымбаттады?

Соңғы күндері облыс орталығы Түркістанда бірқатар азық-түлік бағасының өсуі байқалған болатын. Осыған байланысты облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының төтенше жағдайға байланысты көтерілуін болдырмау және оның алдын алу шараларын қабылдау мақсатында мобильді топ құрылды.

Аймақтар • 25 Наурыз, 2020

Түркістан: Дауыл тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың шатырын ұшырып әкетті

Түркістан облысында қатты желдің салдарынан тұрғын үй мен әлеуметтік маңызы бар бірнеше нысан шатырсыз қалды. Нақтырақ айтсақ, Сайрам ауданындағы №41 Мәдени мектебінің шатырының 1 136 шаршы метр профнастилін жел ұшырып жіберген. Сондай-ақ аудандағы тағы бір мектептің шатыры желдің екпінінен зақымдалған.

Аймақтар • 24 Наурыз, 2020

Түркістанда алты бағытқа бақылау - өткізу бекеті қойылған

Түркістан қаласына кіретін- шығатын жеті жол бар болса, соның негізгі 6 бағытына бақылау - өткізу бекеті қойылған. Сақтық шараларының маңыздылығы ескеріліп, қалаға кіріп жатқан көліктердегі әрбір азаматтың дене қызуы өлшенуде.