Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

Түркістан: Құрылыс сапасы қатаң бақылауда

Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы өткен жылы заң талаптарын сақтамай салынған 69 бюджеттік және 144 жеке кәсіпкерлік, барлығы – 213 құрылыс нысандарына тексеру жүргізген. Анықталған заң бұзушылықтар негізінде шаралар көріліп, хаттамалар толтырылған және жалпы соммасы – 62 149 861,5 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

Түркістан: Жылына 2-3 рет өнім алу технологиясы енгізілуде

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев егістік алқаптан жылына 2-3 рет өнім алу инновациялық технологиясын әрбір ауылдық округке енгізу бойынша тапсырма берген болатын. Бүгінде Мақтаарал ауданында жаңа технология 238 гектар жерге енгізіліп отыр.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

Түркістан облысында балалар арасындағы суицид 32%-ға азайған

Түркістан облысы басшылығының тікелей бақылауындағы суицид бойынша бірнеше бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

Экономика • 18 Ақпан, 2020

Аудандар өзін өзі қамтамасыз ете ала ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығының әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанын айта келе, бұл салаға шетелден инвесторлар тарту маңызды міндет екенін атап көрсеткен болатын. Бұл орайда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан, қала әкімдеріне инвесторлар тартуды мықтап қолға алуды, аудан, қаланы өзін өзі қамтамасыз ете алатындай дәрежеге жеткізуді жүктеп отыр.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2020

Бала қауіпсіздігіне – басты назар

Арыс қаласында мектеп оқушысы мен колледж студенті төбелесіп, соңғысы құрдасынан жеңіліп қалады. Оған арланған бозбала көмекке достарын шақырып, 10-сыныптың оқушысын пышақпен жарақаттаған. Осы оқиғаға қатысты «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатыр.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2020

Түркістанда республикалық ата-аналар форумы өтті

Түркістан қаласында ата-аналарды білім саласындағы озық трендтермен, құндылықтарға негізделген білім беру әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерімен таныстыру және педагогикалық, психологиялық сауаттылығын артыру мақсатында республикалық форум өтті.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2020

Түркістан: 5000-нан астам ерікті 7 бағыт бойынша жұмыс істеуде

Түркістан облысында бүгінде 5000-нан астам волонтер бар. Еріктілер «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыты бойынша жұмыс істеуде. Рухани, мәдени-тарихи мұраларды сақтау жұмыстарына еріктілерді тарту бағытында құрылған «Асыл Мұра» жобасы да жүзеге асырылмақ.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2020

Шардара су электр стансасының қуаты ұлғая түседі

Түркістан облысындағы Шардара су электр стансасында соңғы жылдары жүргізілген жаңғыртулар нәтижесінде оның қуаты артып, пайдалану мерзімі ұзара түспек. 1967 жылы іске қосылған, белгіленген қуаты 100 МВт және 4 гидроагрегаты электр стансаның норматив бойынша қызмет ету мерзімі 25 жыл болатын. Жоғарыда айтқанымыздай, технологиялық жабдығы жарты ғасырдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан стансада жаңғырту жұмыстары нәтижелі жүргізілуде.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2020

Түркістан: Су құбыры мүлде жоқ 43 елді мекенге сапалы ауызсу жеткізілді

Түркістан облысында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартудың негізгі жолы ретінде аудан, қалалардың елді мекендерінде инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән берілуде. Осы орайда, өткен жылы елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында, 103 нысанның құрылысына 13,7 млрд теңге қарастырылған.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2020

Түркістан: 900-ден астам отбасыға 45 млн теңгенің көмегі көрсетілді

Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының бастамасымен  өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды кедейлік деңгейден шығуға ұмтылдыратын «Қамқорлық» бағдарламасы жүзеге асырылуда.