Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Аймақтар • 11 Ақпан, 2020

Сайрам ауданында 17625 азамат жер учаскесін алуға кезекте тұр

Түркістан облысындағы Сайрам ауданында шағын кәсіпкерлік жақсы дамыған. Бұл саладағыбелсенді кәсіпкерлік субъектілердің саны өткен жылы 15118 болған, яғни алдыңғы жылға қарағанда 129 бірлікке көбейген. 66,2 млрд теңгеөнім өндіріліп, кәсіпкерлік субъектілерінен 3,4 млрд теңге салық түскен.

Аймақтар • 11 Ақпан, 2020

Түлкібас ауданында 30 жоба жүзеге асырылған

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, халықты жұмыспен қамту мақсатында жалпы сомасы 6094,0 млн теңге болатын 33 жоба іріктеліп алынған болатын.  Бүгінгі күнге 30 жоба іске асырылған. Оның ішінде 7 жоба өз қаражаты есебінен, 23-і қаржы институттары арқылы несиелендірілген.

Аймақтар • 11 Ақпан, 2020

Түркістан облысында су тасқыны қаупі жоқ

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық лездеме отырысында жауапты сала мамандары, күнделікті мониторинг қорытындысына сай, аумаққа келетін қауіп-қатер жоқтығын мәлім етті.

Аймақтар • 11 Ақпан, 2020

Түркістан: Жас мамандарға, көпбалалы отбасыларға баспана берілді

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы 3 ауылдық округте жас мамандар мен аз қамтылған көпбалалы отбасыларға арнап екі қабатты 10 пәтерлі 3 тұрғын үй құрылысы жүргізілген болатын. Күні кеше Мыңбұлақ ауылдық округінің орталығында құрылысы аяқталған 10 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Өмірзақ Шөкеев: Кентаудың жаңа дәуірі басталды

Түркістанның облыс орталығы мәртебесін алуы көршілес Кентау қаласына оң әсерін тигізуде. Өткен жылы қала бюджетінің кіріс бөлігі 40 млрд теңгеге орындалған. Қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 24,4 млрд теңгеге жеткен.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Түркістан облысы табиғи өсім бойынша бірінші орында

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысы республика көлемінде туу мен табиғи өсім көрсеткіштері бойынша 1 орынды иеленді. Былтыр өңірде 55 845 бала дүниеге келген.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Түркістан: Инвестициялық салымдардың 85,3%-ын шағын кәсіпорындар жүзеге асырған

Түркістан облысы бойынша өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 441 млрд 214 млн теңге болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 38,5%-ға артқан.

Аймақтар • 08 Ақпан, 2020

Түркістанда тарифтердің бағасы төмендеді

Түркістан облысында өткен жылдың 1 қаңтарынан 59 қызмет түрі бойынша табиғи монополия субъектілерінің тарифтері төмендетілген болатын. Нәтижесінде тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін қаражатын үнемдеу шамамен 3 млрд теңгеден асқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Қымбат Бейсенов мәлімдеді.

Аймақтар • 07 Ақпан, 2020

Түркістан облысында сүт өнімдерін өңдейтін зауыт ашылды

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылдық округінде сүт өнімдерін өңдейтін зауыт ашылды. Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында іске қосылған «AYKAN» ЖШС –інің өндіріс орнында тәулігіне 100 тонна сүт өңделеді.