Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2019

«Саналы ұрпақ» жұмысқа кірісті

Статистикалық мәлімет­терге жүгінетін болсақ, Түркістан облысында сы­бай­лас жемқорлыққа қатысты 2016 жылы – 209, 2017 жылы – 385, 2018 жылы – 109, 2019 жылдың 7 айында 56 қылмыстық құқық бұзушылық тіркел­ген. Яғни, жылдан-жылға өңірде қылмыстық факті­лер азайып келеді. Бұл көр­сет­кіштің төмен­дей түсуіне Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті жүзеге асырған игі шаралар мен бастамалардың септігі тиері анық.

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2019

Түркістан – жастар қаласы!

Облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен өткен «TURKISTAN-JASTAR QALASY!» атты жастар фестивалінің қорытынды кезеңі мен жабылу салтанаты Түркістанда өтті.

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2019

Түркістанда «Күзгі марафон» қайырымдылық шарасы өтті

Түркістан қаласында алғаш рет «Күзгі марафон»  қайырымдылық  шарасы өткізілді. 

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019

Түркістан облысында мақта терімі басталды

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында мақта терімі басталды. Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты «Нұржан» шаруа қожалығы 5,8 гектар жерге «Мақтаарал 47/27» мақта сортын еккен. Мақта терімін алғаш болып бастаған қожалық 27 центнерден өнім алуда.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2019

Шәмші әндері Түркістан төрінде шарықтады

«Менің Қазақстаным» ән байқауы биыл Түркістан қаласында алғаш рет өтті. Жалпы осымен 23 рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі байқаудың биылғы ерекшелігі, қатысушы үміткерлер ұлы композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың кез келген әнін орындап, оны әлеуметтік желіге жариялау арқылы дауыс жинады. Көпшіліктің қолдауына ие болғандар ақтық кезеңге жолдама алды.

Руханият • 13 Қыркүйек, 2019

Күлтөбеден II-III ғасырларға тән бұйымдар табылды

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мә­дени қо­рық-музейіне қарасты ортағасырлық Күлтөбе қала­шығын­да жүргізілген архео­логиялық қазба жұмыстары барысында табылған алтын, темір және қоладан жасалған бұйымдар, қыштар мен тиындар, органикалық заттар, тандырлы пештері бар тұрмыс­тық бөлмелер, ыдыс-аяққа арналған көптеген плитка­лар, бала­лардың ысқырық ойыншықтары әр кезеңнің көрінісін айқын­дап беруде.

Аймақтар • 13 Қыркүйек, 2019

Тілсіз жауды тізгіндеген түркістандық өрт сөндірушілер жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталады

Өрт – тілсіз жау, апат айтып келмейді. Кешіксең – кешірмейді. Сәл тосылсаң, тажал әп-сәтте-ақ айналасын жалмайды. Сондықтан тілсіз жаумен күресетін азаматтың да ерік-жігері мықты, жаужүрек болғаны жөн. Күні кеше Түркістан қаласындағы «Royal Grand» қонақүйінде орын алған оқиғада өрт сөндірушілер осы талаптан табылып, кәсіби шеберліктерінің жоғары екендігін көрсетті.

Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2019

Арыста жөндеу жұмыстарының 99,3%-ы аяқталған

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министр Асқар Мамин Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен нысандарды қалпына келтіру бойынша тапсырмасын орындау аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді.

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019

Түркістан: Сарыағаш ауданында мал ұрлығына қатысты 14 қылмыстық топ құрықталған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы сақшылары жүргізген жедел жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты 14 қылмыстық топ құрықталған.

Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019

Арыс: 10 нысанда құрылыс жұмыстары тоқтап тұр

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталуға жақын. Бүгінде 7149 – тұрғын және көпқабатты үйлерде құрылыс жұмыстары аяқталса, қалған 15 нысанда құрылыс жұмыстары жалғасуда. Дегенмен 10 нысан бойынша меншік иелерінің келіспеуінен құрылыс жұмыстары тоқтап тұр.