Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Медицина • 19 Қазан, 2021

Алдын алса, қатерлі ісік емделеді

Түркістан қаласында Қазақстан онкологтері мен радиологтерінің VIII съезі өтті. Маңызды шарада заманауи онкологияның өзекті мәселелері, соның ішінде COVID-19 пандемиясы жағдайында онкологиялық көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Аймақтар • 18 Қазан, 2021

Туған өлке тарихы – ұрпаққа тағылым

Түркістанда Қожа Ахмет Ясауидің тарихи болмысын, өмірі мен ілімін әлемге өз деңгейінде танытып, ғұламаның терең зерттелген рухани мұраларын қою мақсаты көзделген музей пайдалануға берілген болатын. Бүгінде заман талабына сай салынған сәулетті орталықта Ясауи мұралары мен шет мемлекеттердегі шәкірттерінің еңбектері жинақталуда.

Саясат • 18 Қазан, 2021

Ауылдықтарды баспанамен қамтамасыз ететін бағдарлама қажет

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Түркістан облысында көшпелі отырыс өткізді. Тұрғын үй құрылысы саласындағы заңнаманы жетілдіру және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бірыңғай ұлттық бағдарлама әзірлеу талқылаудың басты тақырыбы болды.

Қоғам • 17 Қазан, 2021

Түркістанда 98 мыңнан астам тұрғын онлайн тіркелді

Түркістан қаласының тұрғындары арасында Ұлттық санақтың сауалнама сұрақтарына онлайн форматта жауап бергенді ыңғайлы көргендер көп.

Қоғам • 15 Қазан, 2021

Жұртқа жақын болудың тиімді жолы

Түркістан облысында орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен жыл басынан бері 67 557 әкімшілік құқық бұзушылық пен 95 қылмыс анықталды. Ал облыс орталығы Түркістан қаласында бейнебақылау камераларының көмегімен 32 424 әкімшілік құқық бұзушылық және 30 қылмыс дер кезінде белгілі болды. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда анықтау көрсеткіші артқан.

Руханият • 13 Қазан, 2021

Тарихи ескерткіштерге қамқорлық қажет

Түркістан облысындағы Шәммат ишан мешіт-медресесі, Ұзын ата, Ысқақ ата, Ман­сұр ата кесенелері секілді сәулет ескерт­кіштері реставрациялық жұмыс­тар­ды қажет етеді. Егер қолдау көрсетіл­месе, құнды мұралардан көз жазып қалуы­мыз мүмкін. Жалпы өңірдегі тарихи ескерт­кіштерге қамқорлық керек.

Коронавирус • 12 Қазан, 2021

Вакцина салдыру бойынша жоспар толық орындалды

Коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдеген Шымкент қаласы «жасыл аймаққа» өтті. Оның басты себебінің бірі ретінде екпе егудегі белсенділік аталуда. Бүгінде үшінші мегаполисте вакциналауға жататын 536 мың азаматтың барлығы індетке қарсы екпенің І компонентін салдырған. Ал ІІ компонентін 454 848 адам алған.

Өнер • 08 Қазан, 2021

Үздік жас ақындар анықталды

Шымкент қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты жас ақындар арасында республикалық «Күміс домбыра» айтысы және «Күміс қалам» поэзиялық байқау өтті.

Аймақтар • 07 Қазан, 2021

«Әке» – бас жүлдегер

Шымкент қаласында жас режиссерлерге арналған Shymkent nomad film fest қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Қазақстан • 07 Қазан, 2021

Бірлік пен татулық – береке бастауы

Былтыр Сардоба апаты салдарынан Мақтаарал ауданындағы 7 500 гектар егіс алқабы зардап шеккен болатын. Егістікке қайтара мақта дәнін себу жұмыстары жүргізілді. Аудандағы су басқан егістік алқаптарды қайта қалпына келтіріп, шитті мақта егу жұмыстарына көрші өзбек елі қолдау көрсеткен болатын. Өзбекстан Республикасының Жызақ және Сырдария облыстарынан 40 арнайы техника мен 250 тонна мақта шиті жеткізіліп, шаруалар көмектесіп, мақта дақылын қайта егіп берген еді.