Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 01 Наурыз, 2021

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды

Бір отбасы түгел дерлік, айдың-күннің аманында ажал құшты. Кінәлі кім? Ауа райының күрт суығанын айтушылар бар, көшеге келіп тұрған «көгілдір отынды» үйге кіргізудің қиындығы мен қымбаттығын алға тартушылар да жоқ емес, газ тартатын мердігерлердің мейірімсіздігі де, пештен болған ақау да айтылуда... Кінәлі немесе қайғылы оқиғаның себебі анықталар. Бірақ...

Аймақтар • 28 Ақпан, 2021

Түркістандағы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды

Түркістан қаласында  бір отбасыда қайтыс болған бес адам бүгін Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жерленеді.  Мұндай мәліметті Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев брифингте мәлім етті.

Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды

Түркістанда инвесторлардың көмегімен микробизнесті, стартаперлерді, «Бастау Бизнес» түлектерін қолдау мақсатындағы «Кәсіпкерлік қырандары» қанатқақты жоба бастау алды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен телевизиялық жобаның алғашқы түсірілімінде жас кәсіпкерлер тәжірибелі бизнес өкілдерінің алдында бизнес - жобасын қорғады.  

Оңтүстік Қазақстан • 26 Ақпан, 2021

Өңірдің өркендеуі – ортақ игілік

Көктемгі дала жұмыстарын ерте бастаған түркістандық диқандар күні кешегі ауа райының күрт өзгеріп, жаңбырдың соңы қарға ұласқанын жақсылыққа балап отыр. Әсіресе, жаздыгүні су тапшылығын сезінетін жұрт ылғалдың мол болғанын қалайды. Десек те, Түркістан облысында ағын су тапшылығын шешу мақсатында ірі су нысандарының құрылысы жүргізілуде.

Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

Созақ ауданында қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді

Түркістан облысында ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» тасжолы жабылған. Дегенмен жолға шыққан Шымкент – Степной бағытындағы автобус және басқа да автокөліктер қар құрсауында қалған.

Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

Өмірзақ Шөкеев: «Turkestan Textile» импортты алмастыруға оң әсерін тигізеді

Түркістан облысының спортшылары, дәрігерлері мен мектеп оқушыларының арнайы формалары «Turkestan Textile «БК» фабрикасында тігіледі. Кәсіпорынға 200 мыңға жуық арнайы киімге тапсырыс берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 25 Ақпан, 2021

Түркістанда шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды

Түркістан қаласында «Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастарды қолдау қоры» ашылды. Қорды ұйымдастыруға Жастар ресурстық орталығы ұйытқы болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әдебиет • 24 Ақпан, 2021

Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің IV пленумында «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді. Облыс басшылығының қолдауымен жарық көрген кітапта ардагерлер туралы соңғы деректер толық қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz

23 Ақпан, 2021

Көне жазу – жоғары өркениет көрсеткіші

Түркістан облысының Ордабасы ауданында орналасқан Күлтөбе қалашығында археологиялық зерттеу жұмыстары барысында әлемдік деңгейдегі жаңалық әкелген көне жазу табылды. Қазба жұмыстарын тарих ғылымдарының докторы, профессор А.Подушкиннің жетекшілігімен Орталық музейдің археологиялық экспедициясы жүргізген. А.Подушкиннің айтуынша, табылған олжа біздің заманымыздың I-V ғасырларымен мерзімделеді. Алдыңғы жылдары бұл ескерткіште көне жазулар табылған болатын, бірақ олар фрагмент түрінде сақтаған еді. Жаңа олжаның бір ерекшелігі – бұл жолы күйдірілген кірпіш бетінде тұтас мәтін табылды. Кірпіш бетінде көне жазу 7 жолға бөлінген 218 белгіден тұрады. 

Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Түркістанда кәсіпкерлерді жемқорлықтан қорғау мәселесі талқыланды

Түркістанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті және кәсіпкерлер палатасының бірлесіп ұйымдастыруымен  «Бизнесті және инвестицияны қорғау» тақырыбында мәжіліс өтті.