Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1563 материал табылды

Аймақтар • 30 Наурыз, 2021

Түркістанда «Президент Назарбаев» қызғалдағы өсірілуде

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бағында отырғызылған 3000 түп Назарбаев қызғалдағы гүлдеді, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Елбасы • 30 Наурыз, 2021

Елбасы және Түркістан

Қазақ елі Тәуелсіздігінің отыз жылға жуық уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы киелі Түркістанның жандана түсуі­не, бүгінгідей ауқымды істердің атқарылуына негіз болды. Иә, осыдан үш жылдай уақыт бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысының дүниеге келіп, Түркістан қаласының облыс орталығына айналуы түркі әлемінде тарихи оқиғаға балануда.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2021

Түркістанда 13 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе қабылдады

Түркістан облысында өз еркімен коронавирусқа қарсы екпе қабылдаған 13 мыңға жуық тұрғынның 10 674-і медицина қызметкері болса, 1276-ы педагог. Сондай-ақ 444 полиция қызметкері мен 75 басқада санаттағы азаматтар бар. Ал 3264 адам екінші компонентпен вакцина салдырды. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 20 емдеу мекемелерінде жүргізілуде.

Өнер • 25 Наурыз, 2021

Домалақ ана (тәуелсіз Қазақстан тарихында жазылған екінші опера)

Ұшы-қиырына көз жетпейтін ұлан-ғайыр дала. Алыстан керуен көрінеді. Ұзақ жорықтан келе жатқан жауынгерлер. Көш басында Бәйдібек батыр, би, қолбасшы... Алдымен осыншама ауқымды оқиғаны шағын дерлік сахнаға сыйғызған театр мамандарының кәсіби шеберлігіне сүйсінгенбіз.

Руханият • 20 Наурыз, 2021

Ясауидің нағашысының асатаяғы

Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-танымдық экспедициялық жобасы аясында Қожа Ахмет Ясауидің нағашысы Тағайын ата қолданған асатаяқ пен қолжазба табылды. Бұл мұраларды Тағайын ата кесенесінде ата-бабаларынан бері шырақшы қызметін атқарып жүрген әулет сақтап келген.

Аймақтар • 20 Наурыз, 2021

Елді қуантқан ерекше оқиға

Апта басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауран ауданын құру туралы тарихи Жарлыққа қол қойды. Кезінде ірі сауда орталығы негізінде құрылып, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, тарихы Түркістан ұғымымен біте қайнасып жатқан ортағасырлық Сауран қаласы атауының жаңа ауданға берілуін түркістандықтар Ұлыстың ұлы күні қарсаңында елді қуантқан ерекше оқиғаға балау­да. Халықтың көбейіп, жаңа ауданның құрылуын ел Тәуелсіздігінің жемісі санайды.

Оқиға • 18 Наурыз, 2021

Батагөй қариялар байқауы

Түркістан облысы Түлкібас ауданының қазыналы қариялары бата беруден сайысқа түсті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Әз-Наурыз мейрамы қарсаңында «Бабаларды еске алу және бата күніне» орай ұйымдастырылған мерекелік шараның мақсаты – дәстүрлі баталарды кейінгі ұрпаққа насихаттау, ежелгі салт-дәстүрді жаңғырту.

Аймақтар • 16 Наурыз, 2021

Ясауи кесенесі мен маңында жерленген тұлғалар тізіміне кімдер енді?

Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған ғылыми кеңесте тағы да 12 тұлғаның Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен маңына жерленгені туралы тарихи деректер мақұлданды. Тізімге енген он екі тұлғаның тарихын анықтау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде олар жайлы деректер мен мәліметтер толыққанды жинақталған. Сондай-ақ ғалымдар бұдан басқа да тізімге енбей қалған тұлғалар жайлы мәліметтер ұсынуда. Ғылыми кеңесте алдағы уақытта бұл мәселе де түбегейлі қолға алынатыны айтылды.

Спорт • 15 Наурыз, 2021

Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир өтуде

Түркістан қаласында бокстан Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі XIХ  халықаралық турнир басталды. Турнирге  Қытай мен Өзбекстан елдерінен және еліміздің барлық өңірінен 130-ға жуық спортшы қатысуда. Олар 11 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады.

Аймақтар • 15 Наурыз, 2021

Түркістан облысында қар құрсауынан 33 адам құтқарылды

Түркістан облысында демалыс күндері толассыз жауған жаңбырдың соңы қалың қарға ұласып, облыстық маңызы бар жолдар жабылған болатын.