Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Оқиға • 08 Желтоқсан, 2020

Отырар қалашығы Жаңғырту жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?

«Отырар кеше, бүгін, ертең: туристік және зерттеу болашағы» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференцияға қатысқан ғалымдар Отырардың ойрандалмайтынын мәлімдеді. Биыл Отырартөбеде 3 жылға арналған ауқымды реставрация жұмыстары басталды. Ұлы дала елінің терең тарихынан сыр шертетін нысандарды қайта қалпына келтіріп, туризм саласын жандандыруға бағытталған бұл жоба аясында атқарылған жұмыстарға қатысты сыни пікірлер де айтылған болатын.

Саясат • 07 Желтоқсан, 2020

Тарихи шешім дамудың жаңа кезеңіне жол ашты

Республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылғанына 2 жылдан аса уақыт өткен Шымкент алдағы уақытта қалай және қай бағытта дамиды? Бас жоспары 2012 жылы бекітіліп, 2018 жылы нақтыланған қаланы үлкен өзгерістер күтіп тұрғаны анық. Ол өзгерістер әрине, бүгінде байқау жарияланған Бас жоспарға тікелей байланысты болады.

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2020

Түркістанда мемлекеттік қызметкерлер арасында жарыс өтті

Түркістан облысында кіші футболдан мемлекеттік қызметкерлер арасында қысқы біріншілік басталды. Облысы əкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен, әкімдік пен облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен біріншілікте 16 команда өзара мықтыларды анықтады.

Медицина • 04 Желтоқсан, 2020

Трансплантология түйткілі (Ағза донорлығына мұқтаждар қатары артуда)

«Өз бауырларымның денсаулығы жарамайды. Ал ағайыннан бауыр түгілі қарызға ақша сұраудың өзі ауыр», дейді Мөлдір мұңайып. Иә, басыңа іс түскенде қарлығаштың қанатымен су сепкендей жанашырлық танытатын да, мәртебең асқақтағанда шын ниетімен тілектес бола алатын да – бауырың.

Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2020

Өмірзақ Шөкеев мал ұрлығын болдырмауды міндеттеді

Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының ашылымы бойынша республикада Түркістан облысы алдыңғы шепте. Атап айтсақ, ауыр дәрежелі мал ұрлығы қылмыстарының ашылымы 76,9%-ға жақсарған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2020

Түркістанда көпбалалы медицина қызметкерлеріне көмек көрсетілді

Түркістан облысында көпбалалы және тұрмысы төмен 120 медицина қызметкеріне қайырымдылық жасалды. Облыстық денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің кәсіподағы аудан-қалалардағы ауруханаларға барып, медицина қызметкерлеріне  ең қажетті деген азық-түлік себеттерін  таратты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2020

Шардарада 40 отбасына пәтер кілті берілді

Түркістан облысы Шардара ауданында Тұңғыш Президент күніне орай 40 отбасы баспаналы болды. Төрт қабаттан тұратын үйдегі пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналарға, І,ІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлерге және аз қамтылған отбасыларға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 01 Желтоқсан, 2020

Түркістан облысында әдепсіз әкімдердің жауапкершілігі қаралды

Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесте бірқатар лауазымдық тұлғалардың тәртіптік ісі қаралып, жауапкершілікке тарту бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 30 Қараша, 2020

Шымкентте сауалнамаға қатысқандардың 43 пайызы қашан кітап оқығанын есіне түсіре алмаған

Шымкентте 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған республикалық "Кітап FEST" фестивалінің ашылуына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жанар Бектаева, зиялы қауім өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 30 Қараша, 2020

Сайрам ауданы 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған

Түркістан облысы Сайрам ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында биыл 4 елді мекеннің тозығы жеткен ауыз су жүйелері орташа жөндеуден өткізілген. Нәтижесінде ауданның 42 елді мекені 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.