Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Оқиға • 18 Қыркүйек, 2020

«Ұлттық мұра жаршысы» шетелдік телеарналарда көрсетілмек

Түркістан облыстық мәдениет және халық шығар­машылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмінің тұсауы кесілді.

Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2020

Түстікте шитті мақта жинау басталды

Түркістан облысы бойынша биыл 125,8 мың гектар жерге егілген мақта дақылынан 331 мың тонна шитті мақта жинау жоспарланған. Облыста мақта өсірумен 25 мыңнан астам шаруа айналысады және егістік жерлер мақта өсіруге бейімделіп, шаруалар озық тәжірибе қолдану нәтижесінде мол өнімге қол жеткізуде. Қазіргі таңда Жетісай, Мақтаарал аудандары мен Кентау қаласында мақта терім науқаны басталды. Өнімділігі гектарына 25 центнерден болып отыр.

Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2020

Кентаулық 600 отбасы баспаналы болады

Түркістан облысы Кентау қаласында былтырдан бастап салынып жатқан 60 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға таяу. Баспана кілттері мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар мен түрлі санаттар бойынша кезекте тұрған тұрғындарға жыл соңына дейін қаланың 65 жылдық мерейтойына орай табысталатын болады.

Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2020

Ордабасыда игерілмеген 2300,2 гектар жер мемлекеттің жер қорына қайтарылды

Түркістан облысы Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы бағытындағы игерілмеген 2300,2 гектар жер мемлекеттің жер қорына қайтарылды. Бұл шаруалар 2 жыл жыл ішінде жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде іске асырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2020

Түркістанда жастар қайырымдылық эстафетасын бастады

Түркістан облысы Отырар ауданында ұзақ жылдар бойы тозығы жеткен үйде тұрған жалғызбасты анаға ауданның ерікті жастары баспана салып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2020

Түркістандағы амфитеатр ашық пікірсайыс алаңына айналды

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңындағы амфитеатрда өткен пікірсайысқа 6 үміткер қатысып, өз біліктілігі мен сөзге шешендіктерін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2020

Төрт отбасына баспана сыйлады

Халқымызда «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген нақыл сөз бар. Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқы келгенше аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қолұшын беруге асығатындардың көбейе түскені қуантады. Қайырымдылық деген әдемі қасиеттің бір үлгісі жуырда Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдалиев ауылында көрініс тапты.

Оқиға • 10 Қыркүйек, 2020

Ақжайықтың Түркістанға тартуы

Төрткүл дүниені көгілдір күмбезімен өзіне тартатын киелі шаһар Түркістанда «Ақжайық» музыкалық мектебі пайдалануға берілді.

Коронавирус • 10 Қыркүйек, 2020

Сақтанған сан соқпайды

Бүгінгі таңда Түркістан облысында эпидемиялық жағдай тұрақты. Бір күндік өсім 0,1 пайызды құрап, аурушаңдық көрсеткіші төмендеген. Дегенмен облыстың барлық медициналық мекемелерінде коронавирустық инфекциямен күрес жұмыстары бекітіліп, екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, бұл мақсатта жергілікті бюджет пен гуманитарлық көмек арқылы 800-ге жуық оттегі концентраторы алынған. Қарқынды терапия палаталары 1,5 мыңға жуық оттегі нүктелерімен жасақталған.

Қоғам • 09 Қыркүйек, 2020

Шекара шебіндегі аудан (Алты елді мекенде интернет жоқ, ауыз су да өзекті мәселенің бірі)

Бүгінде Сарыағаш ауданы тұрғын­дарының арасында «көршің ерте тұрса, одан да ерте оян» деген қағида қалыптасқан. Әсіресе, көрші өзбек елінің диқандарымен арадағы шынайы бәсеке ерте оятатыны анық.