Ғалымжан ЕЛШІБАЙ
Ғалымжан ЕЛШІБАЙ«Egemen Qazaqstan»
1484 материал табылды

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020

Түркістанда оқу жылы Қ.А. Ясауи еңбектерін дәріптеуден басталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен  онлайн форматта жалпыреспубликалық бірыңғай "Адалдық сағаты" өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020

Түркістан облысында 108 отбасылық, мерекелік іс-шара тоқтатылды

Түркістан облысында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында 5 шілде мен 1 қыркүйек аралығында  53 мобильді топ карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын обьектілерге мониторингілеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 19 489 нысан тексеріліп, карантин талаптарын бұзған  2 181 нысан анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 31 Тамыз, 2020

Мақтааралда тасқын судан зардап шеккен мектептер оқу жылына дайын

Сардоба су қоймасының жарылуы салдарынан Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы Жаңажол ауылдық округіне қарасты Өргебас және Фирдоуси елді мекендеріндегі екі мектепті су басып, зақым келген болатын. Бүгінде толық күрделі жөндеуден өткен мектептер жаңа оқу жылына дайын, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Түркістан идеясы – ұлы идея

Түркістан идеясы – ұлы идея. Түркістанда өткен "Түркілердің төрі Түркістан" онлайн конференциясында сөз алған Түркі академиясының президенті, "Егемен Қазақстан" газеті АҚ-ның басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі осындай пікір айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 25 Тамыз, 2020

Қазақстан Президенті жазушы Мархабат Байғұтты құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұтты 75 жылдығымен құттықтады. Президенттің құттықтауын Түркістан облысы әкімнің орынбасары Сәкен Қалқаманов Түркістанда өткен «Түркілер төрі Түркістан» онлайн конференциясында оқып берді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2020

Әлем чемпионы праймеризге қатысады

Еліміздің түкпір-түкпірінде "Nur Otan" партиясының праймеризі өтіп жатыр. Түркістан облысында да үміткерлердің, әсіресе, жастардың белсенділігі жоғары. Солардың бірі – армрестлинг спортынан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Қыдырғали Оңғарбаев.

Медицина • 17 Тамыз, 2020

Провизорлық орындар екі есеге қысқарды

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғиният Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі ахуалмен танысты. Вице-министр облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановпен бірге халыққа көмек көрсетіп жатқан бірнеше медициналық нысанды аралап, дәрігерлермен кездесті.

Сұхбат • 13 Тамыз, 2020

Болатбек Абдрасилов: Сығанақ – тамырлы тарихымыздың символы

Бес жыл бұрын еліміз Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын жалпыұлт­тық деңгейде тойлап өткені баршамызға аян. Биыл сол ұлы хандығымызға 555 жыл толып отыр. 1465 жылы құрылған тәуелсіз Қазақ хандығының 120 жыл бойы елордасы Сығанақ болғаны белгілі. Қазақ хандығының жауһары, Ұлы Жібек жолының негізгі саяси әрі сауда орталығы болған – Сығанақтың сырлары бүгінгі таңда толық ашылған жоқ. 555 жыл бұрын тігілген Тудың тұғырын биіктетіп, қазақ халқының ұлы мұрасы – Сығанақты тарихтағы өз орнына қондыру сала ғалымдарының міндеті әрі парызы екені анық. Бұл тұрғыда, бабалар мирасын жас ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің археолог ғалымдары Сығанақты зерттеуде елеулі еңбек атқарып келеді. Осынау мерейлі дата қарсаңында Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, академик Болатбек Абдрасиловпен сұхбаттасып, қазақ хандығының екі рет астанасы болған Сығанақ қаласының тарихы және ХҚТУ-дың Сығанақ қаласында 17 жылдан бері жүргізіп келе жатқан зерттеу және архелогиялық қазба жұмыстары жөнінде сұрап білген едік.

Аймақтар • 11 Тамыз, 2020

Түркістан – жігерлі жеңімпаздар мекені

Зымырап өтіп жатқан шіркін уақыт.  Кеше ғана, яғни 2018 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың №702 тарихи Жарлығымен Түркістан облысының құрылғанына және қасиетті қала Түркістанның өңір орталығына айналғанына да екі жылдан асыпты.

Аймақтар • 11 Тамыз, 2020

Абайдың қара сөздерінен нәр алған ауыл

Қазақстандықтар биыл Абай күнін алғаш рет  атап өтті. Күнтізбеге енген жаңа мерекені әр аймақ өзінше тойлап, Ұлы ақынға деген құрметтерін білдіруде. Ал, Түркістан облысындағы ежелден-ақ мәдениетке, рухани құндылық пен жәдігерге бай киелі Сайрам ауданы бұл атаулы датаны ерекше қарсы алды. Қашанда жаңашылдыққа ұмтылып, ең көрікті көше, ең үлгілі аула секілді жарыстарды ұйымдастыруға жаны құмар, өзгелерге береке-бірлігімен үлгі болған Қарамұрт ауылының тұрғындары бұл жолы да тың бастаманы қолға алды, - деп жазады Egemen.kz