Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Туған жер, туған ауыл әркімге де, әкімге де ыстық
Облысқа жаңадан тағайындалған облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов алғашқы жұмыс сапарын Тереңкөл ауданынан бастады.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Толғақ қысса, қарлы боранға қарай ма?!.
Қаңтардың соңғы күндері солтүстік өңірлер қарлы боранға оранды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қысқы кезеңнің басталуымен 21 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілсе, жылыту орындарына 114 адам, 7 бала тұрақтаған. Қар құрсауынан 332 жүк көлігі, 10 жолаушылар автобусы, 50 жеңіл автокөлік шығарылған.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020
Павлодар облысы жолдарында 300-ден астам көлік тұрып қалған
Облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, қалың қар түсуіне орай Ленин кенті маңында - 60, Қалқаман кенті маңында - 100, Екібастұз қаласына қарай өтетін көпір жанында - 40, Шідерті маңында - 60, Успен ауданында – 18, Шарбақты ауданында 6 автокөлік тұр.
Аймақтар • 28 Қаңтар, 2020
Мектеп кітапханашысы Ульфат Қожанбаеваның айтуынша, бұл – Абайдың 175 жылдығына қосқан оқушылардың өзінше бір үлесі.
Аймақтар • 24 Қаңтар, 2020
Онлайн кітапхана – оқырман талабы
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана директоры Шолпан Шахметованың айтуынша, өңірдегі барлық кітапханалар заман өзгерісіне бейімделуде. Биылғы жыл облыстық кітапхананың бастамасымен «Ауыл кітапханаларына» арналды. Яғни «Ауылдық кітапхана – әлеуметтік орталық» жобасы аясында қызмет көрсетеді.
Тарих • 24 Қаңтар, 2020
Қалмаққырылған ба, Қалмаққырған ба?..
Осыдан екі жыл бұрын біз газетімізде «Қалмаққырылған неге елеусіз қалған?..», «Көкірегіме көшкен Қалмаққырылған, Ақшиман» М.Әуезов» деп екі мақала жаздық. Мақалада Қалмаққырылған тарихы – ашылмаған арал секілді екенін, талай жыл бойы облыстық ішкі саясат, мәдениет, туризм басқармалары тарапынан «Мәдени мұра» бағдарламасы кезінен бастап тарихи-танымдық жұмыс жүргізілмегенін айтқан едік.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020
«Тұлға тану» Сұлтанбет сұлтанға арналды
Облыс орталығындағы № 37 мектепте тарих пәні мұғалімдері «Тұлға тану» үйірмесі сабақтарын өткізеді.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020
«Ана мен баланы қорғау орталығында» 20 әйел тұрып жатыр
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өткен жылы өңірде 178 отбасы кикілжіңдері тіркелген. Отбасылық өзара келіспеушілік кикілжіңдері Павлодар, Екібастұз қалалары, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Май, Успен, Павлодар аудандарында анықталған.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2020
Құрылымына сай атаулары да өзгерсе...
Оңтайландыру тиімділігіне орай аудандағы Розовка ауылына Максимовка, Ефремовка ауылына Даниловка, Мичурин ауылына Госплемстанса, Шақат ауылына Заозерное шағын ауылдары қосылатын болды.
Аймақтар • 21 Қаңтар, 2020
«Кохлеар Нуклеус» көмекке келді
Қарағанды қаласында оқитын баянауылдық студент Айымбек Амантайға «Кохлеар» компаниясының Грэм Кларк атындағы халықаралық стипендиясы тағайындалды. Стипендия компанияның құрылғы имплантын пайдаланушыларға арналған.