Қазақстан • 29 Сәуір, 2021
Бақылаусыз құрылыс кімге тиімді?
Қазір құрылыс саласына бақылау жоқ. Соның салдарынан осы салаға қолында лицензиясы бар, бірақ жұмыс жүргізудің жаңа технологияларын меңгермеген, дайындықтары аз компаниялар келе бастады, деп налиды сарапшылар. Одан зардап шегетін, бұйырған баспанасына қол жеткізе алмай қиналатын – қарапайым халық.
Аймақтар • 21 Сәуір, 2021
Шалдай орманы тағы да өртке оранды
Оқыс оқиға өңірдегі «Ертіс орманы» резерватына қарасты Шалдай орман шаруашылығында орын алды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт шалған орман аумағы 1200 гектарға жеткен. Өрт сөндірушілер, орманшылармен бірге жергілікті әкімдік қызметкерлері, еріктілер орман өртін сөндіруге шықты.
Экономика • 20 Сәуір, 2021
Теріскейде дала жұмыстары басталды
Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл өңірдегі егіс алқабы – 1 490,3 мың гектар. Бұл көлемге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді игеру бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қол жеткізілді. Бидайға сұраныс артып, жергілікті диқандар астықтың әр тоннасын 90-100 мың теңгеге экспорттауға мүмкіндік алды. Сондықтан, нарық талабына сай диқандар бидайды молынан егуге кіріспекші.
Қоғам • 19 Сәуір, 2021
«Сары аймақта» сақтық күшейтіледі
Өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов індетке қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс барысы жайында есеп берді. Яғни «Сары аймақтағы» өңірдің эпидемиялық ахуалы облыстық әкімдік тарапынан қатаң бақылауда.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2021
Электронды билеттеу жүйесі: Үміт пен күдік
Алдағы уақытта облыс орталығындағы қоғамдық көлік түгел электронды билет жүйесіне көшуі мүмкін. Қазір жоба сынақ түрінде жүргізіліп жатыр. Бірақ іске аспай қалған BPC Kazakhstan жобасынан хабардар қала тұрғындары үшін бұл жаңалық емес. 2019 жылы да трамвайлар мен автобустарда валидаторлар орнатылған-ды.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2021
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 9-10 сәуірде Шілікті ауылындағы облыстық маңызы бар жол мен бірнеше үйді ауласын су басты. Қазір департамент мамандары құм салынған қаптармен қарғын суды бөгеп, суды сору жұмыстарын жүргізуде.
Экономика • 14 Сәуір, 2021
Зауыттың бүгінгі жетістігі – қызықты дерек. Яғни алюминийдің өндірілген 3 миллионыншы тоннасы 100 мыңнан астам Boeing 737 жолаушы ұшағын жасауға жеткілікті екен. Металлургтердің осындай өндірістік жетістіктері кәсіпорынның өсіп-өркендеуіне, орнықты жұмыстың жалғасуына серпін беруде.
Саясат • 14 Сәуір, 2021
Фронт-кеңселер қызметі тиімді ме?
Павлодар облысы әкімі аппаратының мәліметінше, биыл өңір тұрғындарынан 3 мыңнан астам арыз-шағым келіп түскен. Бұл санның артуы жергілікті орындар мен жұртшылық арасындағы байланыстың әлсіз екенін аңғартады. Ауыл-аудандарда өтініштеріне нақты жауап ала алмаған тұрғындар амалсыз облыстық мемлекеттік органдарға баруға мәжбүр.
Коронавирус • 13 Сәуір, 2021
Павлодарда жағдай күрделене түсті
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, індетке шалдыққандар қатары күрт артқан жағдайда өңір дәрігерлері барлық ем-шараларды көрсетуге дайын. COVID-19-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі эпидемиялық ахуал жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.
Коронавирус • 05 Сәуір, 2021
Шектеулердің азаюы індеттің үдеуіне әкелмесін десек...
Өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев карантиндік шектеулерге бірқатар өзгеріс жасады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің «Павлодар облысы аумағында шектеулі карантиндік шаралар туралы» №8 қаулысы 2 сәуірден бастап күшіне енді.