Медицина • 17 Қаңтар, 2023
Қарағанды медицинасы ертеден елге мәшһүр. Кәсібіи әрі жоғары білікті мамандарының атағына сонау кеңес кезінде-ақ шартараптағылар қанық-тын. Бірден-бір танымал тұлғалар талай дертке дауа тапқаны белгілі. Бүгінде сол абырой биігінен Қарағанды өңірінің дәрігерлері бір сүйем де төмен түспеді. Заман талабына сай жаңа техгологиялар көмегімен бір кездері күрделі саналған операцияларды сәтті жасап келеді. Лапароскопия – осы күні қарағандылық дәрігерлер кең қолданатын тәсіл. Тоқішек патологиясы, шап жарығы секілді дерттерді емдеуде лапараскопия тәсілі танымал.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2023
Қазақы тазы мен төбетті сақтайтын арнайы заң шықты. Жөн-ақ. Ал бұқара бұралқы иттерден құтылудың амалын таппай жүр. Заң негізінде. Қазір бұралқы ит атаулының қала ортасында көбейіп бара жатқаны ешкімге таңсық емес. «Кет!» деуге де дәрмен жоқ жұртта. Өйткені «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң олай дегізбейді.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2023
Арқада аяз кәріне мінгелі бірнеше күн. Қаңтардың онынан басталған аяз үш күнге созылды. Ауа температурасы – 30 градустан төмендемеді. Осы орайда Қарағанды облысында аяз күшейгеннен бері «Тегін такси» қайырымдылық акциясы бастау алды. Мұндай игі іске ұйытқы болған – мешіт қызметкерлері. Діндарлардың бұл үндеуіне көлік иелері мен жанармай құю бекеттері де қолдау білдіріп, аймақта жүзге жуық такси тегін қызмет көрсетті.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2023
Қарағанды облысы Нұра ауданында ішімдік сатпайтын әрі оны татып алмайтын ауыл бар. Бұл ауыл Тікенекті аталады. Тағы бір қызығы, ауылда екі жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ішімдік атаулы ауылдан аласталған екі жылда біреудің біреу ала жібін аттап көрмепті. Ауылда 226 адам тұрады. Тікенекті еліміз бойынша «Үлгілі ауыл» атанды.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2023
Қарағанды қаласында көпқабатты үйдегі жарылыс үш адамның өмірін жалмап кетті. Бір адам орташа ауыр халде ауруханада жатыр. Қаңтардың 10-ында апақ-сапақта – кешкі тоғыз жарым шамасында жарылыс болып, 16 қабатты үйдің тұрғындары жедел эвакуацияланды.
Медицина • 10 Қаңтар, 2023
Қазір қоғамда балалар арасында белең алған бір кесел – аутизм. Ашық ресурстағы деректер аталған сырқаттың әлемде де көбейгенін көрсетеді. Бұл туралы мәліметтер осы күні көп. 2000 жылдармен салыстырғанда қоғам да бұл балаларға қандай көмек керектігін жақсы біле бастады. Көпшілігінде ем қонбайтын дерт дегенімен, ертерек алдын алса, баланың ортаға бейімделуіне, бұйығы әлемінен бері қарай шынайы өмірге шығуына мүмкіндік барын да ешкім жоққа шығармайды.
Оқиға • 09 Қаңтар, 2023
Жалпы тарихта түрлі атаумен қалған азалы күндер көп. Қаңтар оқиғасы сондай қасіретті атаумен, қанмен жазылып, кәрі тарихтың бір парағына айналды. Тәуелсіздік бәске тігілген қаралы күндерде қыршын кеткен талай жастың обалы опасыздарға. Қаңтар қырғыны кезінде Ұлттық ұланның офицерлері мен сарбаздары анттарына адалдық танытып, қызметтерін мінсіз атқара білді. 400-ден аса ұландық әскери қызметші түрлі деңгейдегі жарақат алса, өкінішке қарай, екі жас сарбаз қаза болды.
Руханият • 16 Желтоқсан, 2022
Тәуелсіздік күніне орай Қарағандыда «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының «Qazaq club» бастамасымен «Тәуелсіздік белгісінің» тұсаукесері өтті. Көпшілікке ұсынылған «Тәуелсіздік белгісі» осыған дейін 2020 жылы жарық көрген «Тәуелсіздік лентасының» негізінде жасалды.
Аймақтар • 14 Желтоқсан, 2022
Қазақстанның ішкі нарығын жеңіл көліктерді доңғалақпен толық жабдықтауға мүмкіндігі зор «KamaTyresKZ» ЖШС-ның шина зауытында алғашқы өнім алынды. Зауыттың бірінші өнімін шығару рәсіміне Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Татарстан президенті Рустам Минниханов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов және Allur компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қатысты.
Білім • 09 Желтоқсан, 2022
Оқушыларды шалғай ауылдан жеткізеді
Балалардың қауіпсіздігі – қоғам үшін қашанда өзекті мәселе. Осындай мәселенің бір шешімі ретінде Қарағанды өңірінде шалғайдағы 121 елді мекеннен оқушыларды мектепке жеткізетін 27 жаңа автобус тарту етілді.