Қызғалдақ АЙТЖАН
Қызғалдақ АЙТЖАН«Egemen Qazaqstan»
123 материал табылды

Экономика • 21 Қараша, 2022

Жылына – 8 млн радиатор

Арнайы экономикалық аймаққа келген инвестицияның игілігін көрер күнді күткелі көп жыл. Инфрақұрылымы сай аймақтар инвестиция құюға ықыластыларды жатсынған жоқ. Сұраған орнын беріп, экономикаға үлес қосатын жобаларға есігін айқара ашқалы да біраз уақыт болды. Қарағандыдағы «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында іске асуға тиіс сондай жобаның бірі – «Sillumin of Qazaqstan» ЖШС-ның алюминий және биметалл радиаторлар өндірісі.

Сайлау • 20 Қараша, 2022

Қарағандыда жас жұбайлар дауыс беруге келді

Бүгін ғана некелерін қидырған Кәрібай Алтынбек пен Гүлбаршын Әлімханова Қарағандының №82 сайлау учаскесінде дауыс беруге келді, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Қараша, 2022

Таңдауымды дұрыс жасадым деп ойлаймын - Серік Ақсұңқарұлы

Қарағанды қаласы Күнгей шағынауданында орналасқан №795 сайлау учаскесінде қазақтың ақиық ақыны, Мемлекеттік сыйлық иегері Серік Ақсұңқарұлы дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Қараша, 2022

Қарағанды облысында 90 жастан асқан 2 мыңдай сайлаушы бар

Қарағанды облысында  642 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:-00-де жұмысын бастады. Онда шамамен  768 мың адам дауыс беруі тиіс. Сайлаушылардың арасында бірінші рет дауыс дауыс берушілердің саны 6 мыңнан асып жығылады. Ал ең егде дауыс берушілер, яғни, 90  жастан асқан сайлаушылар қатары 2 мыңға жуық. Сондай-ақ, 2500  жуық тәуелсіз байқаушы қатысуда, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 17 Қараша, 2022

Тілсіз жауға тосқауыл

Жеті жұттың бірі – өрт биыл билікті де, бұқараны да бидайша қуырды. Елдің түкпір-түкпірінде жұрттың өзегін күйік, өңірін өрт шалған аймақ аз емес. Әсіресе қыркүйектегі жалаңдаған жалын бұқараның бейуақытта көрген беймаза түсіндей еді. Өңірдегі өрттер жай кеткен жоқ. Өрт сөндіру қызметін сынап, елге есесі кеткен тұстарын ескертіп кетті.

Аймақтар • 16 Қараша, 2022

Ветеринарларға көлік берілді

Қарағанды облысының ветеринарлары енді жаяу жүрмейді. Кәсіби мерекелері қарсаңында оларға көлік берілді. Ресми ұйымдардың дерегінше, ветеринарлардың соңғы он жылдағы тақымдарына басқан темір тұлпарлары осы екен. Әр қарашаның үшінші жексенбісінде аталып өтетін ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай бұл тәуір тарту болды.

Аймақтар • 14 Қараша, 2022

Мыс зауыты іске қосылды

Бүгінде мыстың қолданыс аясы кеңейіп келеді. Әлемде мыс қоры бойынша алтыншы орынды иеленетін Қазақстан да бұл салаға ерекше ден қойып отыр. Қарағанды облысының Борлы кен орнындағы катодты мыс өндіру зауытының іске қосылуы – соның дәлелі.

Қазақстан • 13 Қараша, 2022

«Арселор» қауіпсіздікке неге жауапсыз?

Жуырда ғана Қарағанды шахтасында орын алған келеңсіз жағдайдың себебі Үкімет деңгейінде тексеріліп жатыр. Қаралы хабар болған күні-ақ Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жетекшілік ететін Үкіметтік комиссия дереу іске кіріскен-ді. Комиссия алдағы уақытта шешім шығаруға тиіс.

Таным • 07 Қараша, 2022

Еліміздің құнды жәдігерлері

Еліміздің әр өңірінен келген 18 мұражайдың баға жетпес құнды жә­дігерлері Қарағанды жұр­тының назарына ұсы­нылды. Бұл Қа­зақстан мұражай­ла­ры­ның қоры арқы­лы тұңғыш рет ұйымдас­ты­рылған көрме екенін атап өткен жөн.

Аймақтар • 03 Қараша, 2022

Апат айтып келмейді

Өкінішке қарай, Қарағанды шахтасындағы апат тағы бес кеншінің ғұмырын қиды. Қарашаның 3-іне қараған түні сағат 3.00-де болған «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Ленин атындағы шахтадағы нәубет орны толмас аса ауыр қайғыға душар етті. Газдренаждық ұңғыма бұрғылау кезінде кенеттен жоғары концентратты метан газы бөлініп, шахтадағы 106 адамның 101-і дереу эвакуацияланды. Ресми ақпараттар алғаш 4 адамның қаза тапқанын жариялаған еді. Таңертең сағат 9:09 минутта бесінші адамның денесі табылғаны хабарланды.