Сәндібек АСАНӘЛІ
Сәндібек АСАНӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
204 материал табылды

Денсаулық • 21 Ақпан, 2023

Қатерлі дертпен күрескен қайсар балалар

Былайғы жұрт қатерлі ісіктің балаларда кейде туабітті пайда болатынынан хабарсыз. Ресми деректерде әлемде онкологиялық ауруға шал­дыққан балалардың көбейіп жатқаны айтылады. Өкініштісі, ата-аналар зарыға күткен перзентінің қатерлі ісікке шалдыққанын кеш аңғаратын жайттар кездеседі. Өткен аптада онкологиялық ауруға шалдыққан бала­лар­дың халықаралық күні өтіп, елде осы күні дертпен күресіп жатқан кішкентай «қаһармандар», ата-аналар мен дәрігерлер жүздесіп, бір-біріне құрмет көрсетті.

Елорда • 20 Ақпан, 2023

Тұмау өршіп тұр

Елордада ЖРВИ және тұмау жұқтырған тұрғындардың көбейгені байқалады. Ауа райының қолайсыздығынан өршитін сырқаттың симптомдары жайында білесіз бе? Жуырда №3 көпсалалы қалалық аурухананың инфекционист дәрігері Динагүл Баешова баспасөз мәслихатында осы тақырып төңірегінде кеңінен баяндады.

Медицина • 16 Ақпан, 2023

Ерте қаралғанның емі шипалы

Астанадағы №2 көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлері маржан тәрізді бүйрек тасы бар науқасты аман алып қалды. Бүйрек патологиясы бар па­циентке қалалық урология орталығының дәрігерлері жәрдемдескен.

Денсаулық • 13 Ақпан, 2023

Ұйқы безінің қатерлі ісігі

Медицина ғалымдары адам анатомиясын тереңірек түсініп, зерттей келе бірінің ашқан жаңалығын бірі жаңартып келеді. Нәтижесінде, қазір тәжірибелі дәрігерлер емі күрделі ауруларды зерттеп, анықтаудың тың әдіс-тәсілін меңгерген. Бірақ онкологиялық ауруға шалдығып, дерті асқынған пациенттердің сыр­қа­тынан құлантаза айығуы екіталай. Мұндай жағдайда да дәрігерлер қол қусырып қалмай, адам өмірін ажалдан арашалап қалу үшін арпалысады.

Медицина • 13 Ақпан, 2023

Бауыр обыры: себеп пен салдар

Бұрын «аты жаман аурудың» алдын алуға, емдеуге медицина дәрменсіз болса, қазір ісікті алып тастаудың бір емес, бірнеше тәсілі бар. Соған қарамастан қатерлі ісік – жиі кездесетін аурулардың қатарында. 2018 жылғы әлемдік статистикаға зер салсақ, бауыр обыры анықталу жағынан 6-орында, ал өлім-жітім деңгейі бойынша 3-қатарда тұрған. Елдегі статистика да осыған ұқсас. Бауыр обырынан қаза тапқандар көрсеткіште 5-орында тұрса, анықталу жағынан – 8-қатарда.

Ауыл • 08 Ақпан, 2023

Ауылдың қадірін арттыратын кадр қайда?

Біте қайнасқан қоғамда адамзат бірінің жоғын бірі түгендеумен келеді. Тіршіліктің, экономиканың заңдылығы да осыған саяды. Үкімет те солай, салықтан түскен қаржыны ел экономикасын өрістетуге, сан саланың тамырына қан жүгіртуге жұмсайды.

Қоғам • 02 Ақпан, 2023

Сұранысқа сай маман даярлау қажет

Өндірісі өркендеген өңірлерде кәсіптік және техникалық білімі бар мамандарға сұраныс жоғары. Әрі Мемлекет басшысының тапсырмасымен сұранысқа сай мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтуға көңіл бөлініп отыр. Оқу-ағарту министрлігі жергілікті әкімдіктермен бірге 9-сыныптан соң колледжге түсуді көздеген балаларға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту мәселесіне кірісті. Яғни кәсіптік-техникалық бағытта маман даяр­лау ісі де экономиканың және нарықтың сұранысына байланысты дамиды.

Қоғам • 31 Қаңтар, 2023

Жетімді жебейтін бағдарлама

«Ана үйі» қоғамдық қоры осыдан бес жыл бұрын Ақмола облысындағы балалар үйінің жұмысына оң өзгеріс әкелетін «Балажан» бағдарламасын қолға алған еді. Кезең-кезеңімен іске асатын жоба негізінде балалар үйінің ата­уын ауыстырумен шектелмей, балалардың отбасымен қауышуына көп көңіл бөлінді. Себебі бала құқығын қорғайтын халықаралық және елдегі ұйымдар балғындардың отбасындағы бақытты өмірін ешқандай мекеме алмастыра алмайтынынан хабардар.

Білім • 31 Қаңтар, 2023

Топ жарған үш ғалым

Былтыр қараша айының бас кезінде Elsevier ғылыми баспасында Стэнфорд университетінің сарапшылары әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізімін жариялады. Осы рейтингте (World's Top 2% Scientists) «Болашақ» бағдарламасының үш түлегі бар.

Білім • 30 Қаңтар, 2023

Білім бағдарламасының озығы қайсы?

Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарының 2022 жылға арналған білім беру бағдарламасының рейтингін жариялады. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы жүргізген рейтингтің жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында қарым-қатынасты нығайтуға, нарық сұранысына сай кадр даярлауға септігі тиеді.