Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
202 материал табылды

Қоғам • 20 Қыркүйек, 2023

Этносаясат тәжірибесі

Астанада «Этносаралық қатынас­тар саласындағы мемлекеттік сая­сат­тың жай-күйі мен перспек­тивалары» атты респуб­ликалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының ұйым­дастырумен өткен іс-шараның басты мақсаты – ғылыми-сарапта­малық ортаны ұлт бірлігін одан әрі нығайту бағытындағы ұсыныстар әзірлеуге, трендтерді талқылауға тарту.

Технология • 20 Қыркүйек, 2023

Өзекті киберқауіпсіздік

Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік бойынша «KazHackStan Turan» конференциясы өз мәресіне жетті. Ақпараттық және киберқауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер көтерілген алаңда 4 мыңға жуық сарапшы қатысты. Үш күнге созылған ауқымды іс-шараны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ұйымдастырды.

Саясат • 18 Қыркүйек, 2023

Қоғам және отбасы: қауіпсіздік кілті

Таяуда Будапештте отбасы қауіпсіздігіне арналған демогра­фиялық саммит өтті. Екі жылда бір рет ұйымдастырылатын жаһандық іс-шарада отбасылық-демографиялық саясаттың Қазақстан моделі ұсынылды.

Жастар • 17 Қыркүйек, 2023

Тазалық пен ізгілік акциясы

Еліміздің барлық өңірінде «Kieli tabigat» экологиялық акциясы ұйым­дастырылды. Сенбілік республиканың сакралды нысандары мен ұлттық табиғи парктерінің аумағын қоқыстан тазалауға бағытталған. Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұл бастамасын астаналық белсенділер де қолдады.

Форум • 13 Қыркүйек, 2023

Медиацияның дәнекерлік қуаты

Кипр мен Перу сарапшылары отандық медиаторлардың медиацияны қолдану тәжірибесіне жоғары баға берді. Бұл туралы олар Мәскеу қаласында өткен «Ресей-Қазақстан. Медиация институтын дамыту жолындағы халықаралық тәжірибе. Теориядан тәжірибеге көшу» атты II Халықаралық форумда айтты. Іс-шараға Халықаралық келіссөздер академиясының сарапшылары қатысты.

Мәдениет • 12 Қыркүйек, 2023

Тазалық мәдениеті

«Астана-Арена» стадионына жиналған жанкүйерлер футболдан Қазақстан құрамасы мен Солтүстік Ирландия командасы арасындағы матчтан кейін трибунадағы қоқыстың бірін қалдырмай жинап кетті. Осылайша, ойынды тамашалауға келген бір топ ерікті мен жанкүйердің игі ісі елді сүйсіндірді.

Құқық • 08 Қыркүйек, 2023

Бала құқығының жауапкершілігі

Елімізде балаларға қарсы жасалған қылмыс саны 18 пайызға өскен. Бұған қоса кәмелет жасына толмағандар арасында суицид те азаймай тұр. Бұл туралы Бас прокуратурада өткен кеңесте кеңінен айтылды. Жиынға балалар қауіпсіздігі мәселелері бойынша министрліктердің басшылары мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

Жастар • 07 Қыркүйек, 2023

Түлек – «Екі қолға бір күрек»

Елімізде оқуды жаңа бітірген 18 мыңнан аса түлек бос сенделіп жүр. Олардың басым бөлігі жұмыс берушілер жас маманнан тәжірибе талап етеді деп шағымданса, енді бірі еңбекақы мардымсыз деген уәж айтады. Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе?

Үкімет • 06 Қыркүйек, 2023

Татулық тұғыры

Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері бас қосып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділет­ті Қазақстанның экономикалық бағда­ры» атты Жолдауын жан-жақты талқы­лады. Басқосуда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орын­ба­сары, хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Президент Жолдауы қоғам­ды қайта құрудың жаңа кезеңі болға­нын, әр азаматтың әл-ауқатын жақсартуға шешуші қадам жасалғанын атап өтті.

Қоғам • 06 Қыркүйек, 2023

Лудомания лаңы

Қазір қоғамда жеңіл ақшаға еліріп, «лудомания» дертіне шалдыққандардың қата­ры көбейді. Статистиканы бағдарла­сақ, былтыр елімізде құмар ойындарды ұйым­дастыру және бәс тігу бойын­ша қыз­меттер көлемі 553,6 млрд теңге­ні құ­раған. Осы орайда Президент жанын­да­ғы жастар саясаты жөніндегі кеңес мү­ше­лері лудоманияның алдын алу жө­нін­­дегі жұмысты жетілдіру мәселелерін тал­қылады.