Үкімет • 27 Сәуір, 2023
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматы облысы мәслихатының депутаттарымен кездесіп, Мемлекет басшысының тапсырмаларынан туындаған міндеттерді талқылады.
Медицина • 26 Сәуір, 2023
Тойханадағы «емхана» немесе төзімі таусылған талдыбұлақтықтарды кім тыңдайды?
8 мыңнан аса халық тіркеуде тұратын Талдыбұлақ ауылындағы дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетініне байланысты «Алатау» дәмханасына көшірілген медицина мекемесінің бүгінгі жай-күйі жаға ұстатарлық. Бастапқыда екі-үш айға деп жайғасқан мекеменің жұмыс істеп жатқанына екінші жылға айналып барады. Содан бері ешқандай медициналық талапқа сай келмейтін тойхананың даңғарадай залына қатарласа орналасқан дәрігерлер бала мен қартты, ауру мен сауды сапырылыстырып, қатар қабылдап жатқанына жұрт күйінеді.
Медицина • 26 Сәуір, 2023
Медицинаның жай-күйі сараланды
Президент тапсырмасымен Алматы облысына арнайы барған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният іссапарын алдымен Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы көпбейінді аурухананың тыныс-тіршілігімен танысудан бастады. Бұл орталықта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңіріне мүше 53 мемлекет үшін медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) бойынша әлемдегі алғашқы демонстрациялық алаң ашылған болатын. Содан бері бұл жаңашылдық төңірегінде төрткүл дүниеден делегациялар келіп, өзара пікір алмасулар өткізуді дәстүрге айналдырған.
Қылмыс • 26 Сәуір, 2023
Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Саты ауылында екі бірдей қайғылы оқиға болды. Ауылдағы орта мектептің 10-сыныбында оқитын екі оқушының бірі әлімжеттіктің құрбаны болса, екіншісі «Мені досымның жанына жерлеңдер» деп тілімдей хат жазып қалдырып, сыныптас досының артынан өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды.
Жұмыс • 25 Сәуір, 2023
Алматы облысында халық саны 1,5 млн болса, соның ішінде жұмыссыз жүргендер 4,8 пайызды құрайды. Өңірде, әсіресе, жастар арасында жұмыссыздық белең алуда. Олардың пайыздық көрсеткіштері – 3,9. Ал жоғары білім алмаған, сондай-ақ еш жерде жұмыс істемейтін NEET санатындағы жастардың үлесі 7,3 пайызға жетіп отыр. Бұл, өкінішке қарай, республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Баға • 20 Сәуір, 2023
Алматы облысы: Баға өзгермеген аудандар бар
Бүгінде Алматы облысының аумағында 208 жанар-жағармай құю стансалары жұмыс істейді. Оған қоса 22 мұнай қоймасы бар. Осындағы «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ деректеріне сәйкес, өңірдегі дизель отынының жалпы көлемі – 8434,8 тоннаны құрайды.
Экономика • 12 Сәуір, 2023
Былтырдан бастап облыс орталығы мәртебесіне ие болған Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен сәулеттендірілуі бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатқа инвесторлар тарту мәселесі де маңызды рөлге ие.
Инфографика • 10 Сәуір, 2023
Бүгінде халық саны 1,5 миллионнан асатын Алматы облысында 52 үш ауысымды мектеп жұмыс істейді. Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасы аясында аталған өңірдің 5 ауданында және Қонаев қаласында қуаттылығы 68 200 оқу орны бар 63 жайлы мектеп нысандарының тізімі бекітілген. Биылғы жылы 28 мектептің, келер жылы 35 мектептің құрылысын бастау жоспарланғандығы жайлы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің Алматы облысына іссапары барысында мәлім болды.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2023
Көкке иық тіреген Хан Тәңірі баурайындағы Райымбек пен Кеген аудандарының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен осы жылға атқарылар іс-шаралар тізбегі баяндалған есептік жиынға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, облыстық, аудандық мемлекеттік басқарма, бөлім және мекемелердің, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Қоғам • 09 Сәуір, 2023
Ағайын арасындағы алтын көпірге айналған абысындардың татулығы мен ынтымақ-бірлігі түтіннің түзу шығуына, істің ілгерілеуіне сеп. Сондықтан да халқымызда «Абысын тату болса – ас көп, ағайын тату болса – ат көп» деген даналық бар.