Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ
Ескендір ЗҰЛҚАРНАЙ«Egemen Qazaqstan»
353 материал табылды

Дін • 27 Маусым, 2023

Құрбан шалудың жөні

28 маусым – Құрбан айттың алғашқы күні. Мұсыл­мандық мереке Астанада таңғы сағат 06:00-де айт намазын оқумен басталады. Одан кейін құрбандық шалу басталып, 30 маусым кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Бұл туралы Орталық коммуникация­лар қызметі алаңында ҚМДБ төрағасының кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай мәлімдеді.

Білім • 27 Маусым, 2023

Білім жүйесіндегі сыбайластық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп, бюджет қаражатын жымқырудың тұрақты қылмыстық схемаларын ашты.

Қылмыс • 23 Маусым, 2023

Алаяқтардың жаңа «әдісі»

Адамзат баласы виртуалды әлемге неғұрлым енген сайын қылмыскерлер, соның ішінде алаяқтар да заман көшінен қалмау үшін өздерінің қитұрқы әрекеттерін интернет және цифрлы технологиялар арқылы жүзеге асыра бастады. Дегенмен оған қарсы жасалып жатқан шаралар да көп. Мамандардың айтуынша, шынайы өмірдегі алаяқтықтан гөрі интернеттегі алаяқтық өзінің артында көп ізін қалдырады. Сондықтан сауатты түрде оның ізіне түсе білсе, мұндай қылмыскерлердің түр-түсін анықтап, құрықтау аса қиындық туғызбайды.

Құқық • 22 Маусым, 2023

Қылмысқа қарсы қуатты тұжырымдама

Ішкі істер министрлігі­нің ұйымдастыруы­мен «Қо­ғамдық қауіпсіздікті қо­ғаммен серіктестікте қам­тамасыз ету: проблема­лар мен шешу жолдары» тақырыбында халық­ара­лық форум өтті.

Отбасы • 22 Маусым, 2023

Жұбы жарасқан тәртіп сақшылары

Олар – бір мамандықты өмірлік кәсіп етіп, қоғам тыныштығын күзетіп жүрген жұбайлар. Отанмен бірге отбасының да бірлігі мен татулығын сақтап өмір сүру – жауапты іс. Полиция қызметінің бар ауыртпалығын бірге көтеріп, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан тәртіп сақшылары­ның қатарында Жәнібек пен Әйгерімнің шаңырағын да ерекше айтуға ­болады.

Қоғам • 22 Маусым, 2023

«Адал адам» идеясы және ұрпақ тәрбиесі

Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында комиссия мүшелері Президенттің Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда айтқан ұсыныстарын талқылады. Соның ішінде бала тәрбиесі, балалар туризмі, секциялар мен үйірмелер ашу, адам құқықтары бойынша мектеп сабақтары, балалар кітабын басып шығаруды жандандыру сынды өзекті мәселелерді көтерді.

Құрылтай • 21 Маусым, 2023

Құрылтай жүктеген міндеттер қалай жүзеге асады?

Қазіргідей алмағайып заманда ұлтты адастырмай, өзі армандаған азаттық жолына алып шығатын бір үлкен басқосу керек еді. Кезінде ел басына күн туғанда хандар мен билер үш жүздің игі жақсыларын Ордабасыдағы құрылтайға шақырғаны белгілі. Бүгінде қару емес, идео­логиялар қақтығысқа түскен руханият майданында да жаһанданудың иіріміне жұтылып кетпес үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Ұлттық құрылтай» деген атаумен халқымызды ортақ мақсатқа ұйыстыратын бірегей құрылым өмірге келді.

Форум • 20 Маусым, 2023

Еріктілер – отаншыл жандар

Астанада Халықаралық волонтерлер форумы басталды. Кеше шымылдығын ашқан іргелі жиынның алғашқы күні елімізден және әлемнің 34 мемлекетінен келген қонақтар волонтерлік қоз­ғалысты қолдау мен дамыту, өзара тәжірибе алмасу, сонымен қатар во­лон­терлердің мәртебесін арттырып, халықаралық ынтымақтастық пен өзара іс-әрекетті нығайту мәселелерін кеңі­нен талқыға салды.

Әскер • 19 Маусым, 2023

Жас патриоттар жиыны

Өткен сенбі күні Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орта­лығында жыл сайынғы «Айбын» жастар жиыны басталды. Іс-шара 23 маусымға дейін жалғасады.

Төтенше жағдай • 16 Маусым, 2023

Тілсіз жау толық тізгінделді ме?

Ел аумағында өрт оқиғасы жыл өткен сайын жиілеп барады. Үш жыл бұрын – 700, былтыр 757 орман өрті болған. Осы жылы елімізде 146 орман өрті, 700-дей дала өрті тіркелді. Солардың ішінде ауқымы мен келтірген шығыны, оның ішінде адам шығыны жағынан өткен жылғы Қостанай облысында болған және бірер күн бұрын ғана беті қайтқан Абай облысындағы тілсіз жау трагедиясы көптің қабырғасын қайыстырып отыр.