Шахмат • 18 Қазан, 2023
Зерделілер турнирі – Жезқазғанда
Елімізде шахмат ойынына деген қызығушылықты арттыруды көздейтін «Freedom Broker» компаниясының демеушілігімен қолға алынған «Шахмат керуені» жобасы аясында Ұлытау облысының орталығы Жезқазғанда турнир өтті.
Аймақтар • 12 Қазан, 2023
Ұлытау облысы: Фермерлерге жеңілдік
Ұлытау облысында көмір әр тоннасына 13 700-19 500 теңге аралығында сатылып жатыр. Бағаның әркелкілігі, әрине, жол шығынына байланысты екені түсінікті.
Аймақтар • 11 Қазан, 2023
Франциядан келген делегация: облыстың денсаулық саласына қызығушылық танытты
Қай саланы болсын халықаралық талаптар деңгейіне көтеру керек. Мұнсыз болмайды. Сондықтан шет елдердің тәжірибесін де, қаржысын да пайдаланудың оңтайлы жолдарын іздестірген абзал. Бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз.
Тәрбие • 10 Қазан, 2023
Қарлыға Наурызбаева Сәтбаев қаласындағы «Ертегі» бөбекжайында тәрбиеші болып жұмыс істейді. Ол Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған соң, еңбек жолын нақ осы ұжымда бастаған еді. Ұшқыр уақыт-ай, міне, он сегіз жыл өте шығыпты.
Аймақтар • 10 Қазан, 2023
Жезқазғанға әуе қатынасы жиіледі
Ел Президенті мақұлдап, Үкімет бекіткен «Ұлытау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында көзделген іс-шаралардың бірі – облыс орталығының еліміздің басқа өңірлерімен әуе жолы арқылы байланысын қамтамасыз ету болатын. Бұған дейін қалыптасқан Астана, Алматы, Қарағанды қалаларымен әуе арқылы қатынас қатарына енді Шымкент қаласы да қосылды.
Аймақтар • 09 Қазан, 2023
Көшпелі кеңестегі көшелі мәселе
Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай төрағалық ететін «Amanat» партиясының жанындағы республикалық «Miras» кеңесінің кезекті көшпелі отырысы Жезқазған қаласында өтті.
Мирас • 08 Қазан, 2023
Ұлытау өңірінде алғаш рет бата беру байқауы ұйымдастырылды. Ардагерлер кеңесі бастап, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы қостаған бұл шара алдымен аудан, қалаларда болып өтті. Сол сайыстарда жеңіп шыққан 12 батагөй «Батаменен ел көгерер» атты облыстық додада бақ сынасты.
Аймақтар • 05 Қазан, 2023
Жаңа облыстың жолы қалай жаңарады?
Қай өңірді алсақ та, оның өсіп, өркендеуі, дамуы жол жағдайына байланысты. Бұл, әсіресе, Ұлытау облысында өте өткір сезіледі. Облыс орталығы бұрынғы «тұйық қала» атағынан арыла қойған жоқ. Жезқазған – Бейнеу теміржолы пайдалануға берілгелі сәл де болса, саңылау ашылғандай болғаны рас. Бірақ автокөлік жолдарының түйіні тарқатылды деп айтуға болмайды.
Айтыс • 03 Қазан, 2023
Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімін иеленген кенді қала осы күндері өнердің де ордасына айналғандай. Қалада кейінгі сегіз жыл бойы республикалық айтыс өткізіліп келе жатқаны да соның айғағы іспетті. Биылғы «Кен қазған құтты мекенім» атты сөз сайысы қаланың 50 жылдық мерейтойына арналды.
Медицина • 27 Қыркүйек, 2023
Корей дәрігерлері – Қазақ елінде
Жезқазған қаласындағы медицина орталығы Оңтүстік Корей еліндегі Ёнсе университетінің клиникасымен әріптестік байланыс орнатқан еді. Соның нәижесінде аталған медорталықтың дәрігерлері Корей еліне барып, тәжірибе жинақтаудан өтсе, жуырда ол жақтың 11 дәрігері Жезқазғанға келді.