
Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2023
Жезқазғанның іргесіндегі Қабанбай батыр ауылы негізінен геологтер мекені саналады. Ауылдың бұрынғы атауы «Геология экспедициясы», деп аталатын. Геологиялық барлау компаниясы осы ауылдың орталығынан жалпы құны 7 млрд теңге құрайтын геология кластерінің құрылысын бастады. Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы болашақ іргелі құрылыстың жобасымен арнайы барып танысты.
Мектеп • 19 Қыркүйек, 2023
Мектепке де ұлттық киім жарасады
Сәтбаев қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында биылдан бастап жақсы бір үрдіс қалыптаса бастады. Басшылықтың ұйғарымымен мектепте әр аптаның жұма күнін – Ұлттық киім күні деп жариялады.
Экология • 18 Қыркүйек, 2023
Ұлытау ауданында өткен «Kieli tabigat» экологиялық акциясы кезінде бір ғана Әулиетау баурайында ұйымдастырылған сенбілікке 100-ден астам жас қатысты.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2023
Өңірді өркендету үшін қандай көмек болса да артық емес. Ұлытау облысы құрылғалы «Қазақстан халқына» қорымен тығыз байланыс орнатылды. Соның нәтижесінде облыста аталған қордың қолдауымен көптеген жұмыс атқарылды. Қор төрағасы Болат Жәмішев жуырда аймаққа арнайы келіп, облыс басшылығымен, депутаттар, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен дөңгелек үстел басында кездесті.
Жұмыс • 14 Қыркүйек, 2023
Бір адам жұмыс тапса да олжа. Жезқазғанда өткізілген жұмыс жәрмеңкесі осындай мақсатты көздеді. Қала әкімдігі мен «Мансап» орталығы бірлесіп, ашық аспан астында ұйымдастырған жәрмеңкеге жұмыс берушілер де, іздеушілер де қызығушылық танытты.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2023
Талапта ашылған зауыт өңірді керамикалық кірпішпен қамтиды
Жезқазғанның іргесіндегі Талап ауылында кірпіш зауыты іске қосылды. Кәсіпорын жеке кәсіпкер Телібай Бекмұратовтың өз қаржысына салынды.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2023
«Қызымды қазақшаға «біл» деп бердім»
Сәтбаев қаласындағы №14 мектепте биыл алғаш рет қазақ сыныбы ашылды.
Еңбек • 10 Қыркүйек, 2023
Биыл қала мәртебесін иеленгеніне 50 жыл толатын Сәтбаев қаласында қазір түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Соның бірі «Еңбек адамын ұлықтау» деп аталды. «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС биыл Шахтер күні мерекесін осындай тақырыппен өткізуді жөн санаса керек.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2023
Жол жүргенде көбіне пойызды қолай көремін. Жақында ғана сапарлатуға тура келіп қалды. Қарап жүрмей пойыздардағы қызмет сапасына, жолсеріктердің қызметіне сыни көзбен қарайтынымыз тағы бар ғой. Көбінесе көңіліміз толмайтыны да рас. Дегенмен, қызметі тәнті ететін, жұмысына деген жауапкершілігі жаныңды жадыратын жолсеріктер де жоқ емес екен.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2023
Қаражал кентіне 1963 жылы 8 қаңтарда қала мәртебесі берілді. Содан бері 60 жыл өте шығыпты. Айтуға оңай, әрине. Ал осы жылдар арасында аймақтың құлпырған да, құлдыраған да кезеңдері өтті.