Аймақтар • 30 Тамыз, 2019
Газ келсін ерте – жандансын өлке
Еліміздегі ең ауқымды жобалардың бірі – «Сарыарқа» магистральды газ құбырының басым бөлігі, нақты айтқанда 800 шақырымға жуығы Қарағанды облысының аумағын қамтитын болады. Жалпы ұзындығы 1534 шақырымға тең газ құбырын салуды жүзеге асыратын ересен жобаның еліміз үшін 700 млрд теңге көлеміндегі қаржыға түсетінін де былайғы жұрттың біле жүргені жөн.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2019
Қарағандыда МӘМС-ті енгізу бойынша сынамалы жоба іске қосылды
Қарағандыға жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов облыс әкімі Ерлан Қошанов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевпен бірге өңірде міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге әзірлік барысын талқылады.
Аймақтар • 28 Тамыз, 2019
Қарағандыда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы анықталды
Кеншілер астанасында өткен «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының облыстық кезеңіне өңірдің барлық қалалары мен аудандарынан 19 отбасы қатысты. Қазылар алқасы үздіктерді анықтар кезде отбасының тарихы мен дәстүрін, әулеттің белгілі бір мамандыққа адал болуын және шаңырақтағы балалар санын ерекше назарға алды.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Қарқаралыда Алаш қайраткерлеріне ескерткіш орнатылды
Қасиетті Қарқаралы топырағына Алаштың ардақтылары Ахмет Байтұрсынұлының, Әлихан Бөкейханның және Әлімхан Ермековтің тұлғалары қоладан құйылған ескерткіш болып орнықты.
Қоғам • 27 Тамыз, 2019
Қарағанды оқушылары оқулықтармен тегін қамтамасыз етіледі
Жаңа оқу жылында Қарағанды мектептерінің барлық оқушылары бюджет есебінен оқулықтармен толықтай қамтамасыз етіледі. Тіпті, 1-сынып табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге оқулықпен қоса дәптерлер жиынтығы да тарту етілетін болады.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2019
Қарағанды облысында Конституция күніне ерекше маңыз беріледі
Қарағанды облысының барлық қалалары мен аудандарында Конституция күні мерекесінде көптеген іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланған. Қазіргі уақытта өңірдегі қалалар мен елді мекендердің көшелері қызылды-жасылды жалаушалармен, Ата заңның мән-мағынасын арқау еткен баннерлермен және шағын сәулет пішіндерімен безендіріліп, мерекелік кейіпке еніп келеді.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Қарағанды облысында астық жинау науқаны басталды
Қарағанды облысының Қарқаралы, Нұра, Бұқар жырау, Абай және басқа да аудандарында егін орағы басталды. Биылғы меже бойынша барлығы 884 мың гектар алқаптан астық өнімдері жиналуы тиіс.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменттің жаңа басшысы лауазымына Айгүл Бейбітбайқызы Байханова тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Қарағанды кеншілер күнін кеңінен атап өтті
Қарағанды облысы Шахтер күні мерекесін кеңінен атап өтті. Үш күн бойы облыс орталығы мен негізінен кенші қауымы тұратын қалалардың бәрінде мерекелік іс-шаралар, халықтық серуен мен концерттер ұйымдастырылды.
Аймақтар • 26 Тамыз, 2019
Қарағандыда 14-ші өрт сөндіру бекеті ашылды
Қарағанды облысындағы Нұра ауданының Қайнар ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Мұндағы өрт сөндірушілер аталған ауыл мен жақын маңдағы елді мекендерге қызмет көрсететін болады. Қазіргі таңда Қайнар ауылында барлығы 204 түтін бар, онда 1164 адам мекен етеді.