Аймақтар • 17 Ақпан, 2022
Теміртау қаласындағы тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, график-суретші Виктор Поликарповтың «Ана дала» атты жеке көрмесіне келушілердің қарасы көп.
Медицина • 17 Ақпан, 2022
Денсаулық мекемелеріне арыз-шағым көп
Қарағанды облысында баспана салудың бастырмалата жүргізіліп жатқанын бұрын да айтқанбыз. Бұл жағынан құрылыс саласына кінәрат арта алмайсың. Ал медицина саласында мәселе деген жетіп-артылады. Мәселен, ондағы сапасыз қызмет, басшылық тарапының қалыптасқан жағдайға қатысты немқұрайды көзқарасы тұрғындардың орынды өкпе-ренішін тудырып отыр. Сол сияқты өңірдегі жолаушылар тасымалында да толғағы жеткен мәселе бастан асады. Міне, осы мәселелерді шешу үшін іске жан бітіретін жаңашыл қадамдар керек болып тұр.
Қоғам • 16 Ақпан, 2022
Көкше жерінде өткен XVII республикалық «Зерде» байқауында 2-7-сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары сынға түскен болатын. Конкурс қорытындысында Қарағанды облысынан қатысқан 18 жас зерттеуші жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2022
Жаңашыл қадам тірліктің тамырына қан жүгіртеді
Қарағанды өңірінде қоғамдық көліктің мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Бұл бағытта қатаң шараларға бармаса, жағдайдың оңалатын түрі жоқ. Неге десеңіз, автопарк қожайындары кемшілікті жою туралы ауызбен орақ орғанымен, іске келгенде тайғанақтық танытып жүр.
Медицина • 09 Ақпан, 2022
Қарағанды облысы бойынша қаңтар айында антипиретикалық және вирусқа қарсы дәрі-дәрмекке деген сұраныс күрт артқан еді. Тіпті айдың екінші онкүндігінде «жаман тұмау» жұқтырған 3 мыңға жуық адам тіркелді. Мұның өзі өңірде коронавирус инфекциясының күш ала түскенін көрсеткен еді.
Қоғам • 08 Ақпан, 2022
Сексеннің сеңгіріне шыққан Рысты Ілиясова есімді шешейдің көк мұздың үстінде коньки тепкені «Қазнет» кеңістігіндегі қауымның көңілін көтеріп тастады. Сөйтіп кейуана әп-сәттің ішінде «жұлдызға» айналып шыға келді...
Аймақтар • 08 Ақпан, 2022
Арқа төсінің бай тарихи-мәдени мұрасы Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында бар бояуымен көрініс тапты. «Жәдігерлер шеруі» атты бұл жаңа жоба жылдың әрбір айында келушілердің назарына тақырыптық коллекциялар ұсынатын болады.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2022
Тұтынушының тамырын тап басқан
Қандай да бір кәсіп бастаған адам үшін жергілікті менталитеттің қыр-сыры мен ерекшелігін жан-жақты зерттегеннің маңызы зор. Мысалы, қарағандылық «Qaz Delikates СҮ» компаниясы қазақ халқының дәстүрлі ет тағамдарына деген сұраныстың мол болатынын біліп, біраз уақыттан бері осы шаруаны дөңгелетіп келеді. Атап айтқанда, олар ет, қазы, шұжық, қуырдақ сынды тағам түрлерінің жартылай дайын өнімдерін шығарып, тұтынушылардың ықыласына бөленіп жүр.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2022
Аңсаған әлем чемпионатына қатысады
Қызылорда қаласында тоғызқұмалақтан ерлер мен әйелдер арасында өткен ел чемпионатында Қарағанды облысының намысын қорғаған Аңсаған Қожанәсіп толайым табысқа қол жеткізді. Ол турнирдің алтын жүлдесімен бірге әлем чемпионатына жолдаманы да жеңіп алды.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2022
Кенді өңірдің келешегі жергілікті биліктің жіті назарында болуы керек
Соңғы жылдары Қарағанды облысының басшылығы шалғай жатқан Жезқазған-Сәтбаев өңіріне ат басын жиі бұра бастады. Мұны жақсылықтың нышаны деп бағалаған жөн шығар. Неге десеңіз, облыс орталығынан жырақтағы бұл өңірдің жай-күйін көзбен көрмейінше, қалыптасқан жалпы жағдайдың мәселесіне жан-жақты және терең үңілудің тіпті де мүмкін еместігі белгілі.