Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1233 материал табылды

Сұхбат • 21 Қыркүйек, 2021

Қолымнан тек бокс бапкері болу келеді - Сайын Аратаев

Бүгінгі қазақ боксында Сайын Аратаевтай бапкерлер некен-саяқ... Неге дейсіз ғой. Олай болса тыңдаңыз. Біріншіден, бұл кісі бір жерде – Қарағандыдағы Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта табан аудармай 42 жыл қызмет етті. Екіншіден, Сәкең – Афина Олимпиадасының қола жүлдегері Серік Елеуов пен Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевті балаң кездерінде жаттықтырған жампоз бапкер. Әлбетте, былайғы жұрт мұны біле де бермейді. Бір есептен, Сайын Аратаевтың өзінен де бар. Басқалар болса баяғыда-ақ жер-дүниеге жар салып, кеуде соғып жүрер еді-ау. Ал Сайын ағамыз болса өйтпеді. «Шәкірттерім мені көрген жерінде жандары қалмай, асты-үстіме түсіп жатады. Соның өзі жетеді маған», деп күрек тісін ақситып күледі де тұрады...

Руханият • 16 Қыркүйек, 2021

Тіл жанашырлары – тұғырда

Кеншілер астанасында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай «Тіл жанашыры» облыстық байқауының қорытындысы жарияланды. Арнайы құрылған комиссия конкурсқа келіп түскен 38 өтінімнің ішінен сегіз лауреаттың есімін атады.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2021

Жүзден жүйрік шықты

Qazaqstan Ұлттық арнасының Daryn зияткерлік телевизиялық олимпиа­дасында бақ сынаған қарағандылық оқушы Нұрсұлтан Таңат 190 балл жинап, тамаша нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, ол Қазақстан-Британ техникалық университетінің білім грантын жеңіп алды.

Коронавирус • 16 Қыркүйек, 2021

Індеттің беті қайта бастады

Қарағанды облысында «жаман тұмаудың» беті қайтқан сияқты. Бұлай деуімізге өңірдегі бес бірдей провизорлық госпитальдің жабылуы берік негіз береді. Қазір бұл медициналық мекемелер тұрғындарға көпбейінді медициналық көмек көрсету үшін штаттық жұмыс режіміне оралған.

Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2021

Есіркеевті еске түсірген көрме

Қарағандылық қылқалам шебері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Райымқұл Есіркеевтің 100 жылдығына арналған көрме кеншілер қаласындағы облыстық бейнелеу өнері мұражайында ұйымдастырылды.

Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2021

Абайдағы абат істер

Абай ауданы Қарағанды облысындағы экономикалық күш-қуаты мол, ауыл шаруашылығы өркендеген аймақтың бірі.

Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2021

Қарқабат анаға ескерткіш қойылды

Қарқаралы қаласына кіре берісте есімін бір қауым ел ұранға айналдырған Қарқабат анаға ескірткіш орнатылды. Таза мыстан құйылған мүсіннің тұғырымен қосып есептегендегі биіктігі 7,5 метр болады.

Спорт • 10 Қыркүйек, 2021

Құрманғалиевтің қоласы

Словенияда үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде қарағандылық Алан Құрманғалиев сәтті өнер көрсетті. Жас талант Еуропа, Азия және Американың 20 елінен келген теннисшілер арасында қола жүлдеге қол жеткізді.

Қоғам • 10 Қыркүйек, 2021

Косолаповтар көш бастады

«Мерейлі отбасы» байқауының Қарағанды облысы бойынша өткен аймақтық кезеңінде Шахтинск қаласынан қатысқан Косолаповтар отбасы жеңімпаз атанды. Жалпы, аталған байқаудың аудандық, қалалық және облыстық кезеңдеріне қатысуға 200-ден астам отбасынан өтінім түскен екен. Ал осылардың ішінен аймақтық турға тек 36 отбасы ғана өткен.

Аймақтар • 09 Қыркүйек, 2021

Жұмағұловтар жұмылғанда

Бұқар жырау ауданындағы Қара­құдық ауылының тұрғындары өз араларында қаражат жиып, елді мекенге кіре беріске Qaraqudyq – qutty mekenim деген жазуы бар сәулет нысанын орнатты.