Экономика • 11 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында баламалы энергия көздерін дамыту қарқынды бағыт алды. Мысалы, қазіргі таңда өңірдегі «жасыл» энергетиканың қуаттылығы 300 мегаватқа жетті. Бүгінде облыста төрт бірдей күн электр стансасы қалыпты жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек тағы да жаңа нысандар салу жоспарда бар.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2021
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Атадан қалған адал ас» атты жаңа этнографиялық онлайн-жобасы аясында ұлттық тағамдардың көне рецептері мен оларды әзірлеудің алғашқы әдістерін жаңғыртуды қолға алды.
Бокс • 08 Ақпан, 2021
Қарағанды облысының жас боксшылары жеңімпаз атанды
Ақтөбе қаласында 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының боксшылары тамаша өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2021
Қарағанды облысының фермерлері үшін 2020 жылдың жемісті болғаны рас. Астықтың мол орылғанына, көкөністің қоймаға сыймай кеткендігіне техника күші мен жанар-жағармай қорының жеткілікті болғаны қомақты үлес қосқан еді.
Экономика • 05 Ақпан, 2021
Құрылыс жаңа леппен қарқын алды
Қазір Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысы ерекше қарқын алған. Бір сөзбен айтқанда, кеншілер астанасы мен өңірдегі шағын қалалардың өзі күннен-күнге өсе түсіп, өркен жайып келеді. Мысалы биыл облыста 662 мың шаршы метр тұрғын үй салынады деген берекелі жоспар бар. Бұл былтырғы көрсеткіштен әжептеуір асып түседі.
Спорт • 04 Ақпан, 2021
Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы ел кубогын жеңіп алды
Шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы жолындағы турнирдің финалдық жекпе-жегінде Өскеменнің «Торпедо» командасы мен қарағандылық ұжым «Сарыарқа» күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2021
Қарағандыда жекпе-жек өнерінің шеберлеріне құрмет көрсетілді
Жауынгерлік өнер қауымдастығы Қарағанды облыстық филиалының басшысы Ерден Халилин мен ММА өңірлік федерациясының президенті Владимир Абросимов жекпе-жек шебері Бауыржан Қуанышбаев пен оның бапкерлерін ММА турниріндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz. облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Ақпан, 2021
Әкелік парызына атүсті қарайтын әумесерлер көбейіп барады. Ажырасып кеткен әйелінің қолында қалған баласына алимент төлемей, қашып жүрген әкелерді осылай атасақ, артық кетпеспіз.
Аймақтар • 04 Ақпан, 2021
Қарағанды медициналық еріктілер мектебі игі жобаны қолға алды. Енді волонтер болуды жүрек қалауымен таңдаған жастар бұл жерде алғашқы көмек көрсету, өкпе-жүрек реанимациясын жүргізу, науқасқа күтім жасау, пациентті тасымалдау сынды іс-әрекеттердің қыр-сырын оқып, үйренетін болды.
Саясат • 03 Ақпан, 2021
Қазақ қызы (Қытайдағы халықаралық төрелік соттың судьясы)
Таяуда Қарағандының тумасы Гүлнұр Нұркеева Қытайдағы халықаралық төрелік соттың судьясы болып тағайындалғаны туралы ақпарат тарады. Шынтуайтына келгенде, мұндай лауазымға қол жеткізу екінің біріне бұйыра бермейтін бақ десе де болады. Себебі төрелік комиссияларға үміткерлер тек қана құқықтық жүйесінің деңгейі жоғары елдер ішінен таңдалады. Мысалы, олардың басым көпшілігі АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Сингапур сияқты дамыған елдердің өкілдері болып келеді. Мұнда, тіпті орыс тілінде сөйлейтіндерден бір ғана төреші бар екен: оның өзі Польшаның өкілі.