Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1288 материал табылды

Аймақтар • 06 Маусым, 2020

Қарағанды облысы: 33 адамнан COVID-19 анықталды

Қарағанды облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын 33 адамның жұқтырғаны зертханалық негізде расталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Қарағанды облысы: 48 адам жұқтырып, бір науқас қайтыс болды

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі өңірде өткен тәулік ішінде 48 адамның COVID-19 індетін жұқтырғанын және бір адамның осы аурудан қайтыс болғанын хабарлады.

Қоғам • 05 Маусым, 2020

Тойымсыздық – тас жолдың соры

Былтыр елімізде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» деп атал­ған республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрылып, әр облыста оның фи­лиал­дары да ашылып, жұмыс істей бастады. Жаңа мекеменің мақсаты бел­гілі. Өзінің атауы айтып тұрғандай, жолдарды салу, қайта құру, жөн­деу және күтіп ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұ­м­ыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Бір сөзбен айтқанда, бұл кәсіпорынды экономикамыздың тарам-тарам тамырына айналған ірі­лі-ұсақты жолдардың нағыз жанашыры деуге болады.

Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Ел таңбасына ерекше құрмет көрсетілді

Кеншілер астанасында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің философиясы – Ұлы Дала тарихында» атты онлайн-дөңгелек үстел отрысы ұйымдастырылды.

Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Қарағандыны абаттандыруға 9,6 млрд теңге бөлінді

Кеншілер астанасы алдағы уақытта тіпті де ажарлана түспек. Бұл бағытта облыс және қала басшылығы тарапынан ауқымды жобалар қолға алынуда. Оларды жүзеге асыруға қажетті қаржы көзі де қарастырылған. Мысалы, биыл Қарағандыны абаттандыруға бюджеттен 9,6 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 421 аула, 46 орамішілік жолдар жөнделеді. Қаладағы 119 жаяу жүргіншілер жолдарына фальдар салынады және 269 балалар мен спорт алаңдары орнатылады. Сондай-ақ, бюджет есебінен 212 көпқабатты үйдің қасбеттері мен шатырлары ретке келтіріледі. Аталған бағдарлама бойынша 1400 жұмыс орны құрылады. Ең маңыздысы сол, мұның жартысына жуығы қалалық жұмыспен қамту орталығына тіркелген тұрғындарға тиесілі болады.

Коронавирус • 04 Маусым, 2020

Қарағанды облысы: КВИ жұқтырғандар саны мыңнан асты

Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде 68 тұрғыннан коронавирус инфекциясының белгісі табылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ кеше КВИ-мен ауырған бір науқастың қайтыс болғаны ресми тіркелді.

Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Қарағандының барлық мектептері мен балабақшаларына жөндеу жүргізіледі

Қарағанды облысында мектеп бітірген түлектер аттестат алып жатқанда, өңір басшысы кеншілер астанасындағы жөндеу жүргізіліп жатқан білім ошақтары мен балабақшаларды аралап шықты.

Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Жолдың жауы – ауыр жүк көліктері

Былтыр елімізде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» деп аталған республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрылып, әр облыста  оның филиалдары да ашылып, жұмыс істей бастады. Жаңа мекеменің мақсаты белгілі: өзінің атауы айтып тұрғандай, жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Бір сөзбен айтқанда, бұл кәсіпорынды экономикамыздың тарам-тарам тамырына айналған ірілі-ұсақты жолдардың нағыз жанашыры деуге де болады.

Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Қарағанды облысы: Спорт саласында – қарқынды құрылыс

Биылғы жыл Қарағанды облысындағы дене шынықтыру және спорт саласы үшін қауырт шаруа, қарымды жобаларға толы болғалы тұр. Мұның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмаларынан туындаған міндеттермен тікелей үндесіп отырғанын айта кеткен ләзім.

Руханият • 03 Маусым, 2020

Жақып Ақбаевтың жез самаурыны

Қазақтың тұңғыш заң магистрі Жақып Ақбайұлы пайда­ланған жез самаурын Қарқаралы тарихи-өлкетану музейінің төрінде тұр. Тарихи құндылығы жоғары жәдігер Ресейдің Тула қаласындағы көпес Василий Баташевтің самаурын фабрикасында 1896 жылы жасалған екен.