Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1232 материал табылды

Коронавирус • 27 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: 43 тұрғыннан COVID-19 белгісі табылды

Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде 43 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық негізде анықталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Абылайханның ақ жолы

Иә, бұл Серік Сәпиевтің әлем чемпионы атағын алғаш иемденген 2005 жыл еді. Кеншілердің Абай атты шағын қаласы қайсар ұлының жеңісіне шаттанып, ата-аналар балаларын топ-тобымен бокс үйірмесіне беріп жатқан мезгіл-тін. Бірақ, дәл сол кезде күндердің бір күнінде саңлақ Сәпиевтің құтты орынын басатын бір ұяң балақайдың да бокс залының табалдырығын имене аттағанын жан баласы білмеген еді...

Аймақтар • 27 Мамыр, 2020

Қарағанды облысында бір аптадан кейін дәмханалар ашылады

Жергілікті Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек карантиндік шаралардың босаңсуына қарамастан, санитарлық талаптарды бұлжытпай орындау, қоғамдық орындарда бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау және санитайзерлерді пайдалану қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.

Өнер • 27 Мамыр, 2020

Шайқының домбырасы

Күй өнерінің классигі саналатын Тәттімбеттің немересі Шайқы Мұсатайұлы 1885 жылы Қарқаралы ауданына қарасты Мыржық тауының бауырындағы Мыңбұлақ қыстағында дүниеге келген.

Аймақтар • 26 Мамыр, 2020

Жеңіс Қасымбек: Карантинге қарамастан, облыс экономикасы дамып келеді

Төтенше жағдай режімі және карантиндік шектеулердің қыспағына қарамастан, Қарағанды облысының экономикасы дамып келеді екен. Бұл салада жылды жағымды жаңалықпен аяқтауымыз әбден мүмкін: жалпы өңірлік өнімнің үш пайыздық өсуі күтілуде, деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Saryarqa телеарнасында өткен брифинг барысында.

Аймақтар • 26 Мамыр, 2020

Қарағанды облысында ПТР-зертханалар ашылады

Маусым айының басында Теміртау мен Жезқазған қалаларында коронавирус инфекциясын анықтайтын ПТР-зертханалардың ашылатынын облыс әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Коронавирус • 26 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: COVID-19 жұқтырудың 67 оқиғасы тіркелді

Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 67 оқиғасы тіркелді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Аймақтар • 26 Мамыр, 2020

Қарағанды облысындағы ірі кәсіпорындарда санитарлық талаптар күшейтіледі

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірдегі ірі кәсіпорындар басшыларымен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау және өндірісте індет таралуының алдын алу тақырыбы бойынша онлайн-кеңес өткізді.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: Көктемгі дала жұмыстары аяқталды

Карантиндік шектеулерге байланысты туындаған қиыншылықтарға қарамастан, Қарағанды облысындағы ірі шаруашылықтар көктемгі дала жұмыстарын уақытында аяқтады. Енді мамыр айының соңына қарай картопты, сонан соң 5 маусымға дейін көкөніс түрлерін отырғызуды аяқтау жоспарланған.

Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Қарағандыда әкімдер коронавирус үшін сөгіс алды

Қарағанды облыстық әкімдігінде өткен аппарат жиынында өңір басшысы Жеңіс Қасымбек коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатындағы жұмыстарды әлсіз жүргізгені үшін Теміртау қаласы мен Бұқар жырау ауданының әкімдеріне сөгіс жариялады.