Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Тәубахан Оңалхан – атамекенді аңсап Моңғолиядан келген қандасымыз. Қазір ол Қарағанды облысындағы Осакаров ауданында тұрады. Өзінің айтуынша, анадан туғанында екі аяқ, бір қолы болмапты. Жалғыз қолдың өзі де сау емес: бар-жоғы үш саусағы ғана бар...
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
МӘМС қоры Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын іске қосты
Медициналық сақтандыру қорында іске қосылған Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі құқық бұзушылықтар жөнінде хабарлау мүмкіндігіне ие болды.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Қарағандыда Senim 109 орталығы тәулік бойы жұмыс істейтін болды
Кеншілер астанасындағы Senim 109 бірыңғай үйлестіру орталығы бұған дейін сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеп келген болса, енді кеңсенің операторлары тәулік бойы тұрғындарға қызмет көрсететін болды.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Қарағандыда «Aibyn-Arqa» клубының алғашқы отырысы өтті
Қарағанды облысы әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі жанынан былтыр құрылған «Aibyn-Arqa» әскери-патриоттық клубының бірінші отырысы өтті. Оның жұмысына облыстық департаменттердің, ардагерлер ұйымдарының, этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, оқушылар мен студенттер, сондай-ақ балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Қарағанды облысының медициналық мекемелері QR-кодтармен белгіленді
Қарағанды облысында сақтандыру қорымен келісімшарт жасасқан емханалар, орталықтар және ауруханалар QR-кодтармен белгіленді. Яғни бұл жерлерде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде қызметтер көрсетілетін болады.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2020
Қарағанды облысында жылжымалы дәріхана жұмыс істей бастады
Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылжымалы дәріхана жұмыс істей бастады.
Қоғам • 25 Ақпан, 2020
Қоғамды бейжай қалдырмаған бұл қанды оқиға өткен жылдың қаңтар айында болған еді. Арада жылжып жыл, аунап ай өткенде осы қылмыс бойынша қаралған іске де соңғы нүкте қойылғандай... «Киіктің қаны қанжығасында көп қатқан адам оңбайды», деген сөз қалған еді бұрынғылардан. Ал айдың-күннің аманында кісі қанын мойнына жүктегендердің екі дүниеде тартар жазалары қандай болмақ?..
Аймақтар • 23 Ақпан, 2020
Қарағандылық кәсіпкерлер – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының белсенді қатысушылары
Кеншілер астанасындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлнәр Құрбанбаева өңірдегі әрбір екінші кәсіпкердің аталған бағдарлама жобасының қатысушы екенін мәлім етті.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2020
Қарағандыда қорықшы Нұрғалиевті өлтіргендерге қатысты сот үкімі шығарылды
Қарағанды қаласында «Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары Ерлан Нұрғалиевті өлтірді, Петр Ницыкты өлтіруге оқталды және топтасып заңсыз аң аулады деген айып тағылған Қызылорда облысының жеті тұрғынына қатысты сот үкімі шығарылды. Атап айтқанда, айыпталушылар Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіковке өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сотталғандар жазаны қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болады.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2020
Өндірісті өңірде оң өзгерістер бар
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің халық алдындағы есебіне арналған жиында селекторлық байланыс арқылы шалғайдағы қалалар мен аудандардың тұрғындары да қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ жиынға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Сәлімгерей Бекбергенов пен Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов қатысты.