Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1287 материал табылды

Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Қарағанды облысында құрылыс қарқынды жүргізіледі

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек халыққа есеп беру жиынында халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын бірінші кезектегі жұмыс стратегиясын мәлім етті.

Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Алиса – Арқа төсінде

Ағылшынның атақты жазушысы Льюис Кэрролл жазған «Алиса ғажайыптар елінде» атты кітабының жарық көргеніне биыл 160 жыл толды. Осы оқиғаға байланысты Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында арнайы көрме ұйымдастырылды.

Сұхбат • 18 Ақпан, 2020

«Пайда ойлама, ар ойла»

Қарағандыдағы «Nәtige» сүт фабрикасының құрылтайшысы Ерлан Әшіммен арадағы әңгіме қазіргі уақытта тасы өрге домалаған кәсіпорын туралы емес, руханият әлеміне жол сілтеген өзгеше бағытта өрбіді. Кәсіпкердің кеңсесінде Абай мен Ахмет Байтұрсынұлының портреттері ілулі тұр. Хакімнің суретінің тұсында «Біріңді, қазақ бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос» деген асыл сөздер маржандай тізіліпті, ал Ахаңның портретінің жанында «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай және күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген ғұламаның өз сөзі таңбаланған. Арқа төсіне есімі мәлім азаматтың жақсы аты кеншілер астанасындағы көше атауларын өзгертуге арналған көпшілік тыңдау кезінде жалпақ жұртқа кеңінен жайылды. Әңгімеміздің әлқисасы да өңірдің рухани өміріне сілкініс әкелген осы оқиғадан бастау алған еді.  

Тағайындау • 17 Ақпан, 2020

Қарағанды облыстық ҚАЖД бастығы тағайындалды

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жаңа бастығы болып Ғазиз Такешев тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2020

Бақылау күшейтілді

Биыл Қарағанды облысының аумағына қар айрықша қалың түсті. Мамандардың мәліметіне қарағанда, қаңтардың аяғының өзінде-ақ үш-төрт айдың нормасына пара-пар келетін қар жауған.

Аймақтар • 12 Ақпан, 2020

Қалдық су Балқаш көліне құйылуы мүмкін (видео)

«Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысындағы қосынына Балқаш қаласының тұрғынынан whatsapp желісі арқылы апатты жағдайды таспаға тартқан бейне көрініс келіп түсті. Онда жергілікті азамат қала сыртындағы құбырдың жарылып, одан аққан зәрнәжістік судың Алматы-Қарағанды күрежолының бойына жайылып жатқанын, айналаны мүңкіген жағымсыз иістің алып кеткенін хабарлайды. Айтушының сөзіне қарағанда, оқиға ақпан айының 10-ы күні болған.

Аймақтар • 12 Ақпан, 2020

Қарағанды тарихына арналды

Сексен жылдық тарихы бар Қарағандыда өңірдің тари­хи-мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау мен оны кеңінен насихаттау, ту­ған өлкенің өткеніне ұқып­пен қарау мәдениетін қалып­тастыру және жас ұрпақ­ты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу сынды жұ­мыстар дұрыс жолға қойылған.

Аймақтар • 11 Ақпан, 2020

Қарағанды облысында Нұра өзеніне қалдық су құйылды

Бүгін әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы Нұра өзеніне өндірістік лас қалдық судың құйылып жатқаны туралы  бейне көрініс тарады. Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында Қарағанды облыстық экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбековке хабарласқан едік.

Тағайындау • 11 Ақпан, 2020

Қарағанды облыстық әділет департаментінің басшысы тағайындалды

Қарағанды облыстық әділет департаментінің басшысы болып Тимур Ермағамбетов тағайындалды, деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Экология • 11 Ақпан, 2020

Теміртаудың тынысы тарылып тұр

Теміртаудың бағын ашқан Қазақстан магниткасы еді. Енді «АрселорМиттал Теміртау» болып атауын өзгерткен бұл кәсіп­орын металлургтер мекендеген қаланың сорына айналғандай. Әл­бетте алпауыт кәсіпорынның ша­һарды асырап отырғанын ешкім жоққа шығармайды. Бірақ мәселе әбден ушыққан эколо­гиялық ахуалға келіп тірелгенде, тіл күрмеледі...