Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1233 материал табылды

Білім • 04 Мамыр, 2022

Өңірлік университеттерді нығайту – өмір талабы

Қазіргі таңда еліміздегі жоғары білім беру саласы түбегейлі өзгерістерді бас­тан кешіп жатыр. Заман талабына сай болуды мұрат еткен бұл реформаның түпкі мақсаты «Жаңа Қазақстанның» мүддесіне қызмет ететін жас буынның бойына нәтижелі білім мен өнегелі тәрбиенің дәнін сіңіру болса керек. Бүгінде сапалы маман даярлауға ден қойған мемлекет талаптың үдесінен шықпайтын оқу орындарын қысқартып, есесіне дәстүрге бай білім ошақтарының дамуына барынша қолдау білдіріп отыр. Осы ретте саланы реформалаудың кейбір қырлары академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің басқарма төрағасы-ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан ДУЛАТБЕКОВПЕН арада болған әңгімеде ашыла түсті деген үміттеміз.

Өнер • 29 Сәуір, 2022

Қылқобызбен қара үзді

Сәтбаев қаласында ұлттық аспаптарда ойнаушылар арасында өткен Ерден Сандыбайұлы атындағы IV республикалық байқауда Назерке Әбілхасенова бірінші орынды жеңіп алды. Алты жыл бұрын алғаш рет жалауы желбіреген бұл өнер додасында биыл 16-40 жас аралығындағы 31 өнерпаз бақ сынады.

Қазақстан • 29 Сәуір, 2022

Абырой биігіндегі Ассамблея

Кеншілер астанасындағы «Достық үйінде» өткен «Жаңа Қазақстан – мызғымас бірлік мекені» атты дөңгелек үстел барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жұртшылық ашық диалог форматында этносаралық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және әлеуметтік проблемаларды шешу жолдары туралы пікірлерін ортаға салды.

Қазақстан • 29 Сәуір, 2022

Сайлау үдерісінің өзекті мәселелері сөз болды

Ортсайлауком төрағасы Нұрлан Әбдіров Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. 26 сәуірде ОСК басшысы Абай ауданының Қарағанды ауылдық округіне барып, Жартас ауыл­ы­ның тұрғындарымен және 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған әкім Владислав Киреймен кездесті. Айта кету керек, бұл – тікелей дауыс беру арқылы сайланған елдегі ең жас ауыл әкімі.

Медицина • 25 Сәуір, 2022

Көш бастаған клиника

Бүгінгі медицинаның ішінара болса да адам танымастай өзгергенін мойындау керек. Уақыттың талабына сай қызмет етуді басты мақсат қылған бұл саладағы оң өзгерістер, серпінді жобалар сүйсіндірмей қоймайды. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда медициналық қызметке табысты кәсіптің көзі ретінде қарау турасындағы көзқарастың да беті бері қараған. Яғни әлемдік үрдістің көшіне ілескен біздің медицинаны да жарқын болашақ күтіп тұр деп сеніммен айтуға болады.

Аймақтар • 22 Сәуір, 2022

Агротехнология үмітті ақтайды

Арқа төсі қара жерге дән сіңіру науқанына тыңғылықты дайындықты бастап кетті. Мұның бір дәлелі ретінде Қарағанды облысындағы Осакаров ауданында жуырда ғана өткен аграрлық кеңесті айтуға болады.

Аймақтар • 20 Сәуір, 2022

Үш зауыт ашылады

Қарағандының іргесіндегі Саран қаласының Арқа төсіндегі индустриялық аймаққа айналатын сыңайы бар. Мысалы, шағын шаһарда осы жылдың соңына таман үш жаңа зауыт пайдалануға берілмек.

Медицина • 19 Сәуір, 2022

Қымбат дәрі құтқарса екен...

Ақсу-Аюлы кентінің кішкентай ғана тұрғыны Айсезім есімді қыз бала жұлын бұлшықетінің атрофиясы деген ауруға шалдыққан. Ата-анасының айтуынша, нәресте дүниеге келгенде бәрі де қалыпты болған екен...

Аймақтар • 18 Сәуір, 2022

Ұлытау облысының аумағы анықталды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауындағы Ұлытау облысын құру жөніндегі ұсынысын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасын тапты. Таяуда Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс XII сессиясында өңірдің жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісі талқыға түсті. Анығында, депутаттар жаңа Ұлытау облысына қандай қалалар мен аудандар кіретінін анықтаған еді.

Кино • 18 Сәуір, 2022

Әйгілі актрисаның әлемі

Қазақтың талантты қыздарының бірі, әйгілі актриса, педагог Шолпан Жандарбекованың туғанына биыл 100 жыл толды. Осы мерейтойға орай Қарқаралының тарихи-өлкетану мұражайы арнайы көрме ұйымдастырды.