Қайрат Әбілда
Қайрат Әбілда«Egemen Qazaqstan»
1233 материал табылды

Аймақтар • 19 Қараша, 2019

«Шахтер» ФК-ның атқарушы директоры тағайындалды

«Шахтер» футбол клубының атқарушы директоры болып Ерлан Оразаев тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов таныстырды.

Аймақтар • 14 Қараша, 2019

Ит жүгіртіп, құс салды

Ұлттық спорттың бір тармағына жататын құмай тазы, қыран құспен аң аулау өнері елімізде кешенді түрде дамып келеді. Бұған таяуда Қарағанды облы­сындағы Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кентінде өткен «Ұлы дала мұрасы» халықаралық турнирінде көзді анық жеткіздік.

Аймақтар • 12 Қараша, 2019

Қарағанды облысында жаңа мешіт пайдалануға берілді

Кеншілер астанасындағы «Күнгей» шағын ауданында жаңа мешіт салынды. Алланың жердегі үйінің салтанатты ашылу рәсімінде жергілікті тұрғындарды Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа құттықтады.

Руханият • 12 Қараша, 2019

Қарағандыда Мәди атындағы республикалық байқау өтті

Кеншілер астанасындағы «Шалқыма» концерттік залында өткен Мәди Бапиұлы атындағы дәстүрлі  IV республикалық байқауда еліміздің барлық облыстарынан, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалаларынан барлығы 34 жас әнші бақ сынады. 

Қоғам • 12 Қараша, 2019

Жошыға апарар жол

Салқар сахарада жападан-жалғыз тұрып, сойқан соғыстардан, зобалаң замандардан күн күйдірген, ай суытқан кірпішінің мұрты сынбай бүгінгі күнге аман-есен жеткен Жошы хан мазарының айдай әлемге әйгілі болар күні туған сияқты. Биыл ұлт ұясы Ұлытауда болғанында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жошы хан есімін жоғары деңгейде ұлықтау шаруасына жеделдете кірісу керектігін шегелеп айтты. «Біз, – деді Президент, – Алтын Орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз керек. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет».

Аймақтар • 11 Қараша, 2019

Өмірін сақшылар сақтап қалды

Қарағандыда жиырмадан асқан қыз үй ішінде болған әлдебір кикілжіңнен кейін өзінің жас өміріне қиянат жасай жаздады. Ол Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің тоғызыншы қабатындағы балконның үстіне шығып, төмен қарай секірмекші болған. Осы көрініске кездейсоқ куә болған көрші үйдің тұрғыны дереу «102» нөміріне қоңырау шалып, полицияны шақырады. Оқиға орнына құрамында лейтенант Ерасыл Мұрат пен сержант Бекзат Омашев бар патруль экипажы дереу жеткен.

Аймақтар • 10 Қараша, 2019

Қарағанды облысындағы кентте автовокзал пайдалануға берілді

Қарағанды облысындағы Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кентінде қайта құрылған автовокзал жолаушыларға айқара есік ашты. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде іске асқан күрделі жөндеу жұмыстарына 10 млн теңге қаржы жұмсалды. Мұның 7 млн теңгесі жергілікті бюджет есебінен алынса, қалған қаражатты жеке кәсіпкер Қуаныш Хамитұлы өз қалтасынан салды.

Қоғам • 07 Қараша, 2019

Қарағанды облысы әкімнің орынбасары интернет-қолданушылардың сұрақтарына жауап береді

Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев «Ашық диалог» порталында 11 қараша күні сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін «Қарағанды облысындағы жол құрылысының қорытындысы мен келешегі» атты интернет-конференция өткізеді.

Ұлттық спорт • 07 Қараша, 2019

Қарағанды облысында «Ұлы дала мұрасы» халықаралық турнирі өтеді

Қарағанды облысындағы Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлы кентінде болатын «Ұлы дала мұрасы» халықаралық турнирінде Моңғолия мен Қырғызстан және еліміздің 13 облысынан аушы құстар мен тазы тұқымды иттері бар аңшылар бақ сынайды.

Қоғам • 07 Қараша, 2019

Қарағанды облысында ӘМС қорына 788 млн тенге салым аударылды

Қарағанды облысында қазан айының өзінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (ӘМСҚ) 788 млн теңгеден астам қаржы аударылды. Бұл сома өз қызметкерлері үшін жұмыс берушілер төлеген жарналар мен жеке кәсіпкерлер жасаған аударымдардан құралды.