Қаржы • 10 Тамыз, 2023
Шілде айының қорытындысы бойынша теңге бағамы долларға шаққанда 445,89-ға дейін, яғни 1,4%-ға нығайды. Жалпы, бұл ай ұлттық валюта үшін позитивті болды. Нығаю үрдісіне мұнайға белгіленген бағаның өсуі және бейрезиденттер қаражатының мемлекеттік бағалы қағаздарға салынуы әсер етті.
Туризм • 09 Тамыз, 2023
Әр мемлекеттің туристерге тартымды шырайлы шаһары болады. Елдің атын жаһанға жаятын да – осындай қонағы арылмайтын меймандос қалалар. Біздің елдің мысалында мұндай қала – Алматы. Биылдың өзінде шетелдік туристердің басым бөлігі, яғни 30%-ы Алматыға қыдырып келіпті.
Бизнес • 08 Тамыз, 2023
Жеңіл өнеркәсіп саласындағы маман тапшылығы мәселесі қашаннан өзекті болып тұр. Бұл ретте Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өңдеу өнеркәсібі, білім беру және денсаулық сақтау салалық кеңестерінің бірлескен отырысы барысында техникалық кәсіп мамандарын даярлау мәселесі талқыланды.
Медицина • 31 Шілде, 2023
Медициналық көмектің мүмкіндігі артты
Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстың тиімділігі негізінен медициналық көмекті ұйымдастыру деңгейінен байқалады. Тиісінше, бұл салаға қатысты азаматтар тарапынан қойылатын талап-тілек те толастамайды. Сондықтан көпшіліктің үдесінен шығу үшін аталған қызметті көрсету сапасын жақсартуға барынша көңіл бөлініп жатыр.
Медицина • 28 Шілде, 2023
Медицинадағы тың бастамаларды байыптаған конференция
Астана қаласында тәжірибе алмасу мақсатында Ресей, БАӘ, Қытай, Түркия және Германиядан келген шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Травматология мен ортопедиядағы инновациялар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция басталды. Айтулы іс-шараның ашылуына Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты.
Қоғам • 26 Шілде, 2023
«Яндекс. Таксимен» тегін жүреді
Мүгедектігі бар адамдар үшін ақысыз негізде инватакси қызметі қолжетімді болғанымен, бұл қызметке жүгіну үшін күні бұрын жазылып, сапарын алдын ала жоспарлау қажет болатын. Енді аталған санаттағы азаматтар мұндай әуре-сарсаңға түспей, баратын жеріне бірден агрегаторлар арқылы, яғни онлайн платформалар арқылы такси шақырта алады.
Қоғам • 24 Шілде, 2023
Бұқара мен билік арасындағы диалогті дамыту, халық үніне құлақ асу – азаматтық қоғамды қалыптастыруға бастайтын қадам. Бұл ретте елімізде азаматтардың талап-тілегіне ден қоятын түрлі алаңдар құрылып, біршама ілгерілеу байқалып келеді. Сондай қадамның бірі ретінде Астанада Министрліктер үйінен ашылып отырған Азаматтарды қабылдау орталығын атауға болады.
Елорда • 13 Шілде, 2023
Қаптаған құрылыс, қордаланған мәселе Астананың ажарына көлеңке түсіреді
Астана елорда болғалы құрылыс қарқыны бәсеңдеген емес. Құрылыс күшейген сайын қаланың құлашы кеңге жайылып, құлпыра түсті. Алайда алып шаһарға айналып келе жатқан, қалыптасу үдерісіндегі осынау құрылымда бас жоспармен үйлеспейтін жүйесіз, ретсіз, қисық қаланған «кірпіштер» де баршылық. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте мұндай олқылықтардың барлығын жіпке тізгендей алға тартып, қаладағы жүйесіздікті қатаң сынға алды.
Қоғам • 09 Шілде, 2023
Әлеуметтік кодексті іске асыру аясында елімізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін сыйымдылығы аз үйлерді ашу қанатқақты жобасы басталып жатыр. Мұндай шуаққа толы шағын үйдің алғашқысы Қарағандыда мүгедектігі бар балаларға арналып ашылды.
Отбасы • 07 Маусым, 2023
Әрбір отбасы қолдаусыз қалмайды
Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау іс-шараларын тиімді ұйымдастыру ұдайы назардан түспейді. Бұл бағыттағы жұмыстардың жай-жапсары жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте хабарланды.