Президент • 28 Қазан, 2019
Қазақстан-Беларусь: Іскерлік байланыс дамып келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконы жылы шыраймен қарсы алды. Ақордада шағын және кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер барысында шынайы достық байланыс орнатқан екі елдің іскерлік әріптестігіне, экономикалық, гуманитарлық және халықаралық қарым-қатынастарына тың серпін берген маңызды қадамдар түседі.
Қоғам • 25 Қазан, 2019
Қарашаңырақ қиырдағы қазақтарды қолдайды
Елордада Nur Otan партиясының ғимаратында Отандастар қоры «Адам және этностық азшылықтар құқықтарын қорғау» тақырыбында дөңгелек үстел жиынын өткізді.
Парламент • 24 Қазан, 2019
Парламент Мәжілісінде көпшіліктің көкейкесті мәселелерін көтеріп жүрген халық қалаулылары заң жобаларын жан-жақты талқылағанда өңірлердің ахуалын назардан тыс қалдырмайды. Кеше палатаның жалпы отырысында мақұлданған 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына депутаттардың ұсынысымен түзетулер енгізіліп, құжатта елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарын және көлік инфрақұрылымын дамыту үшін қосымша қаражат көзделді.
Парламент • 22 Қазан, 2019
Денсаулық сақтау саласын жетілдіруге ден қою керек
Парламент Сенатында өткен Үкімет сағаты Президент Жолдауында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы міндеттер және былтыр сәуірдегі парламенттік тыңдау ұсынымдарының іске асырылу қорытындылары туралы болды.
Қоғам • 22 Қазан, 2019
Білім беру бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды
Кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын-ала қорытындылары талқыланды.
Қазақстан • 16 Қазан, 2019
Шығыс пен батыс түркілерінің арасын жалғап тұрған алтын арқау Әзербайжанның астанасы Бакуде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммиті жетінші рет салтанат құрды. Түбі бір туысқан елдердің ауызбірлігінің, тығыз қарым-қатынасының айғағындай Түркі кеңесіне Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев келді. Мерейлі он жылдық белесінде Түркі кеңесін құру туралы бастаманы осы Әзербайжанның Нахчыван қаласында көтеріп, оның керегесінің кеңейіп, аяғынан нық тұруына еселі еңбек сіңірген Елбасының есімі саммитте ерекше аталып, тарихта алғаш рет Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы мәртебелі лауазымына тағайындалды.
Саясат • 15 Қазан, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті
Баку қаласында өтетін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIІ саммиті қарсаңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.
Саясат • 15 Қазан, 2019
Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті
Әзербайжанның астанасы Баку қаласына келген Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркі кеңесіне төрағалық еткен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті.
Әлем • 14 Қазан, 2019
Түркі кеңесі саммитінің күн тәртібі пысықталды
Баку қаласында Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIІ саммиті қарсаңында Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті.
Парламент • 11 Қазан, 2019
Тұрғын үй шаруашылығынан шашау шықпауы тиіс
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен өткен палатаның кезекті жалпы отырысында негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жан-жақты талқыланды.